Жыл сайын өндіріс орындарында 200 жұмысшы қаза табады

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Мемлекеттік аннуитеттік компания «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты.Олардың шеңберінде сақтандырумен 83 122 адам қамтыды. «Қазақстанда жыл сайын өндірісте еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан орта есеппен 1 400 жұмысшы жарақат алып, 200-ге жуық адам қаза табады», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл ретте жұмыста зардап шеккендердің ең көп саны Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында байқалады. Республикада өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар: мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері. 2022 жылы МАК қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты, олармен 83 122 адам қамтыды. Өткен жылы МАК жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 1 069 қызметкерге 855 млн теңге сомасында ай сайынғы аннуитеттік төлемдер жүргізді. «Бұдан басқа 27 адам 3,5 млн теңге сомасына қосымша (медициналық) шығыстарды (500 АЕК – тен 1000 АЕК-ке дейін, жерлеуге арналған біржолғы төлем-100 АЕК) алды», - деп хабарлады министрлік. Сонымен қатар 1998 жылы ел жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен сәттен бастап зейнетақы аннуитеттері бағдарламасы жұмыс істейді. Зейнетақы аннуитеті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаражат жинақтауға балама ретінде қызмет етеді. Бағдарламаның мәні азаматтарға зейнетақы жасына дейін басталатын өмір бойғы төлемдерді алу үшін жинақтауды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударуға мүмкіндік беру болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша МАК жеке тұлғалармен 153 зейнетақы аннуитеттік сақтандыру шартын жасасты. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша 1,3 млрд теңге сомасына сақтандыру төлемдері жүргізілді, алушылар 8 108 адам болып табылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы