Жыл сайын су тасқынынан Қазақстан экономикасына 419 млн доллар шығын келеді

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында еліміздегі су тасқынына себеп болып отырған факторлар жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Маусымдық су тасқыны үлкен экономикалық шығынға ұшыратады, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасына су тасқыны салдарынан 419 млн доллар орташа жылдық шығын келеді. Су тасқынынан зардап шеккен адамдардың орташа жылдық саны шамамен 156 мың», - деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған тұжырымдамада. Экология министрлігінің дерегінше, су тасқынына негізгі себеп - маңызды объектілердің дұрыс қорғалмауы, заманауи технологиялардың болмауы, гидрологиялық болжамдардың дұрыс жүргізілмеуі. «Бұған іргелес мемлекеттердің келісілмеген әрекеттері де себеп болады. Мәселен, Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасындағы апат. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет, «Қазсушар» және «Қазгидромет» болжамды-талдамалық жұмысы нашар ұйымдастырылған. Негізінен әрекет ету шаралары фактіден кейін жасалады, болжам әлсіз жүргізіледі. Бұл ретте ауа райының өзгеруіне, судың ағымдағы температурасына, мұз бен жауын-шашынның еру қарқындылығына тиісті көңіл бөлінбейді», - деген мәселелер қозғалған құжатта. Тұжырымдама жобасы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Сотталғанды шығару үшін пара сұраған Шымкенттік соттың тергеу ісі аяқталды
Асқазанда үрленетін баллон артық салмақтан арылуға көмектеседі
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі