Жыл соңына дейін елден заңсыз шығарылған 180 млрд. теңге мемлекетке қайтарылады

Жыл соңына дейін елден заңсыз шығарылған 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылмақ. Бұл туралы бүгін "AMANAT" партиясының баспасөз орталығында Антикор өкілі Қанат Сүлейменов айтты. Оның сөзінше, ақша мен мүліктің барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі»Заң әзірледі. Президент заңға12-ші шілдеде қол қойды. Одан беріде 3 ай уақыт өтсе де, әлі нәтиже жоқ. Елдегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бюджетке қазірдің өзінде қаражат түсуі керек еді. Бірақ жылжу байқалмады. Сондықтанда «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі депутат Марат Бәшімов бұл мәселені Мәжіліс отырысында көтерген еді. Марат БӘШІМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 3 ай өтті ғой. 12-ші шілдеде қабылданғаннан кейін біздің парламенттің мүшелелеріндеде сондай сұрақ туып тұрды. Қалай болғанда да өзімізде күтіп отырмыз ғой. Мына заңды кім жақсылап оқыды. Механизімдері қабылданған. Қалай анау заңсыз активтерді қайтару. Өйткені ол жай ғана тәжірибе емес. Еуропалық конвенциалы бар. Осы депутаттық сауалмен сол үшін біздің «AMANAT» партиясының мүшелерімен бірге шыққанымыз сол. Мақсат сондай болған. Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, негізгі мәселе, аталған заңның бірқатар нормасы 60 күннен кейін ғана күшіне енген. Оған қоса, заңды жүзеге асыру үшін Үкімет қаулысымен 27 нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Осы актілерді қабылдаудың, пысықтаудың өзі осы екі айды алды. Сондықтан осы 3 айдың астам бөлігі көбінесе осы заң жобаның жұмыс істеуіне, тиісті процедуралар әр заң қабылданған кезде осындай рәімдер өтеді. Бірден заңдар әрине жұмыс істеп кетпейді. Кей кезде олардың жұмыс істеп кетуіне, тағы да бірқатар актілер қабылдану мәселесі бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменовтің айтуынша, ел қазынасына былтырдан бері 857 млрд теңге қайтарылған. Оның ішінде активтен бөлек, ақшалай да, шетелдегі жылжымайтын мүліктер де бар. Қанат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл сомаға ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік те кіреді. ӨКМ операторы ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автонесие алуға жұмсалды, ақша мен мүліктің барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл соңына дейін 180 миллиард теңге қайтарылады. Бұл да мүлік пен ақша.Вице-министрдің айтуынша, тізімге енген тұлғаға хабарлама жолданады. Сосын ол әрбір активінің қалай және қайдан келгенін көрсетіп, әдеттегіден бөлек, арнайы декларация тапсырады. Ал комиссия сол декларацияның негізінде қай активтің заңсыз жолмен иемденгенін белгілейді. Сөйтіп, оны мемлекет пайдасына қайтарып алудың үш жолын ұсынады. Ол адам заңсыз активтерді өз еркімен мемлекетке қайтарып береді немесе тиісті органдар сотқа жүгінеді. Сөйтіп, қылмыстық жауапкершілікке тартады. Егер активке қатысты іс қозғау мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны азаматтық іс бойынша сот арқылы қайтаруға күш салады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады