Жыл соңына дейін елден заңсыз шығарылған 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылмақ

«AMANAT» партиясының баспасөз орталығында заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы арнайы талқылау өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Жиынға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Башімов, ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова, Антикор өкілі Қанат Сүлейменов және өзге де сарапшылар қатысты. Жиын барысында белгілі болғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі елден шығарылған 857 млрд теңгені мемлекетке қайтарған. Қанат Сүлейменовтің айтуынша, жыл соңына дейін 180 млрд теңге көлеміндегі қаражатты мемлекетке қайтару көзделіп отыр. «Бұл сомаға ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік те кіреді. ӨКМ операторы ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автонесие алуға жұмсалды, ақша мен мүліктің барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл соңына дейін 180 миллиард теңге қайтарылады. Бұл да мүлік пен ақша», — деді Қанат Сүлейменов. Сондай-ақ қазір мемлекеттік және өзге де өкілетті органдардың келісімі мен қосымша актілер қабылдану үстінде. Айта кетсек, 12 шілдеде Мемлекет басшысы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сондай-ақ болашақта активтерді заңсыз иемденуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі» Заңға қол қойды. Бұл заң жобасына «AMANAT» партиясының депутаттары бастамашы болып, жүйелі әрі кәсіби жұмыс жүргізді. Бүгінде заңның барлық нормасы нақтыланып, жүзеге асыруға әзір тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы