"Жылаған үш бала анасын әлі іздейді": Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды

Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, денені үш баласының қасына тастап кеткен сотталушыға үкім шықты. 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамға үкім оқылды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1-бөлігімен “Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату” бабымен кінәлі деп танылды. “Нұржан Хайруллаев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жағасы тағайындалсын”, – деді судья Алтынбек Сабыров.Сотталушы 1997 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ажырасқан, бұрын сотталмаған. Марқұм болған бұрынғы әйелімен араларында 3 бала бар. Балаларының үлкені биыл 1 сыныпқа барады. Кішісі анасының өлімінен кейін 3 жасқа толды. Ажырасқандарына екі жылдан асқан. Судья марқұмның артында қалған үш баласының жағдайын ескеріп, жәбірленуші тараптың пайдасына 20 миллион теңге моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Жәбірленуші тарап тағайындалған жазамен келіспеді. Жазаны ауырлатуға апелляциялық шағым түсіретінін және сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз беретінін айтты. “Айбанудың балалары қазір менің қолымда. Балалары 6, 5, 3 жаста. Жылаған үш бала анасын әлі іздейді. “Мамам қайда, неге келмей жатыр” деп жылайды. Кеше екінші қызының туған күні болды. Туған күніне келеді деп күтіп жүрген. Неге келмеді деп жылайды. “Мамаң аспаннан қарап тұр” дейміз. Біз соттың үкімімен келіспейміз. 11 жылды өте аз. Айбану бар болғаны 26 жаста, өрімдей қыз. Әрі қарай арызданамыз, шағым түсіреміз. Әкелік құқығынан айыруға арыз түсіреміз. Біз қайдан білейік, алғашында полиция мұны оқиға орнына манекенмен алып келгенде оны қорғадық. Жала жауып жатқан шығар деп ойладық. Себебі сіңілім “балаларымның әкесімен қосыламын, қайтадан некеге тұрамыз” деп айтып жүрді. Мұндай жауыздық жасайды деп ойламадық. Ол басына келген бақты тепті. Ұлды да, қызда да туып берген әйелін ақыры өлтіріп тынды”, – деді марқұмның нағашы апасы Сәуле Сағымбаева. Қайғылы оқиға 2024 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанға қараған түні Темір ауданының Шұбарши ауылында болды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, айыптау актісінде сотталушының жәбірленушіні 2 минут бойы тұншықтырғаны туралы айтылды. Марқұм Айбану Сағымбаева 26 жаста. Ажырасқаннан кейін үш баланы атаулы әлеуметтік көмек арқылы асыраған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенаторлар өңірлерде жергілікті тұрғындармен кездеседі
Мұғалім шырша безендіремін деп құлады: білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін