"Жылдың үздік тойы". Шымкентте өткен үйлену той Желі қолданушыларын тәнті етті

Бүгінде үйлену той ерекше, есте қаларлықтай өтеді. Жастар тіпті түрлі қойылым қойып, билеп, ән айтып, тойды ауқымды шоуға айналдырып жатады. Желі қолданушыларын тәнті еткен осындай тойдың бірі Шымкентте өтті. Кеште түсірілген видеолар Желіде тарап, пікір қалдырушылар тойды "жылдың үйлену тойы" деп те атаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Желіде қызу талқыға түскен видеолардың авторы – Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқитын күйеу жігіттің қарындасы, 20 жастағы Бота. Қуанышты дастарқан 14 маусымда жайылған. Бота  тойға 300 қонақ келгенін, олардың арасында Қазақстанның танымал тұлғалары да бар екенін айтты."Той жақсы өтті. Барлық қонақ жақсы көңіл-күйде жүрді, олар мұндай үйлену тойында ешқашан болмағанын айтты. Көптеген адам бұл үйлену тойдың "жылдың үйлену тойы" деп санайтынын жасырмады. Бізді Димаш Құдайбергеннің ата-анасы, Ұлықпан Жолдасов жұбайымен, Асхат Маемировпен құттықтауға келді", - деп бөлісті Бота."Күйеу жігіт пен қалыңдық – музыкалық театрдың әртістері. Театрда 15 отбасы бар, әртістер арасында бір-бірінің үйлену тойында осылай өнер көрсету дәстүрге айналған. Көптеген адам оларды үйлену тойына шақырғысы келеді. Іс-шарада театр әртістерінен басқа Ұлықпан Жолдасов пен Фарида Жолдасова да ән шырқады. 8 наурызда ағам үйленуге ұсыныс жасады, сол сәттен бастап тойға дайындық басталды", - деді ол.Сонымен қатар, Бота мереке өте жақсы деңгейде өткенін және барлық қонаққа ұнағанын жеткізді."Қазір үйлену тойдағы тортты жас жұбайлардың өздері безендіреді, бұл тренд, менің ағам мен жеңшем де солай жасады. Көп тілек айтылды. Той жақсы өтті. Біз күткеннен де жақсы. Барлық қонақ қуанышты, әсіресе құдалар", - деп түйіндеді ол.Ал Желі қолданушылары тойдағы қызықтарды көріп, әбден таңғалған. Түрлі жағымды пікір қалдырып, жас-жұбайларға бақыт тіледі."Жастар қазір тойды өзгертіп келе жатыр. Той осылай өтуі керек, би де, ән де өз орнымен. Ұзақ тілеп айтып тұру дұрыс емес", "Міне, мән-мағынасы бар той. Үйлену кеші осылай өтуі керек", "Осындай тойды тренд қылайықшы", "Қандай керемет", "Той болса, осындай-ақ болсын", "Қандай тамаша жұп, бақытты болыңдар", "Керемет, жастардың тойы осындай болу керек", - деп жазды олар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
«Жеңіс құтты болсын, казак!»: бокста алғаш рет жасанды интеллект төрешілік етті
“Электрошокер қолданып, ине шаншыған“. Атыраудағы әскери мектепте тексеру жүріп жатыр
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты