Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша осыдан 13 жыл бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды 24KZ. 2023 жылдың соңғы үш айында әр азамат орта есеппен 2 келіге жуық ет тұтынған. Бұл – 2011 жылдың басынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.Соңғы уақытта жылқы етіне сұраныс артты. Отандық өнімнің негізгі тұтынушысы – өзіміздің халық. Бірақ жылқы етінің сауда әлеуеті жоғары, – дейді мамандар.Қамбар ата тұқымының өнімі қайда экспортталады? Елімізде жылына 160 мың тоннадай жылқы еті өндірілсе, соның тек 500 тоннасы ғана экспортталады. Қалғаны ішкі нарықты қамтиды. Бұл бағытта қазір жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Сауда министрлігі өнімді Италия нарығына шығаруға ниетті. Ал ет өндірушілер қауымдастығы Жапониямен келіссөз жүргізді. Жақында жылқылар осы елге экспортталады. Мақсұт Бақтыбаев, Қазақстанның ет өндірушілер одағының басшысы: - Біз Жапонияға жылқы етін экспорттау туралы келісімге қол қойдық. Жоба бойынша біз малдарды 700 келіге жеткенше Қазақстанда өсіреміз. Сосын Жапония біздің жылқыларды алып кетіп, өз елдерінде 900 келіге дейін семіртеді. Кейін одан қымбат деликатестерді дайындайды. Еттің келісі шамамен 200 доллар болады. Бұл – имидждік жоба. Жылқы етінің тағамдық құндылығы жоғары. Салдарынан сұраныс та артып келеді. Бұл өнімнің құрамы ағзаға пайдалы элеметтерге бай, – дейді дәрігерлер. Жанар Набидуллила, гастроэнтеролог: - Жылқы етіндегі көптеген дәрімендер, айта кетсем, А дәрумені, С,Е,В тобының дәрумендері сиыр етіне қарағанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Сонымен қатар оның құрамында калий, натрий, магний, кальций, фосфор секілді минералдардың жоғары концентрациясы бар. Жанар Толысбаева, нутрициолог: - Қазы майлы болса да, одан адам семірмейді. Өйткені құрамында пайдалы майлар бар. Сонымен қатар отандық ғалымдар зертетеу жасап, жылқы етінің өт жұмысын жақсартанынын анықтады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыс аз, кеңседе күні бойы отыратын, холецсититі бар адамдар үшін де пайдалы. Жалпы күніне 200 грамм ет тұтынуға кеңес береміз. Әлемде жылқы етін тұтынатын елдер көп емес. Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Франция, Италия және Германияда сұраныс жоғары. Кейінгі жылдары кәрі құрлықта қазақстандық жылқы етіне қызығушылық бар. Бірақ экспорт көлемі әлі де аз. Жылқы етінің саудасын арттыру үшін қазақтың дәстүрлі дәмдерін дәріптейтін мейрамханалар ашу қажет, – дейді мамандар. Имидждік жобаларға басымдық беру керек. Сонда сыртқы нарықтан да сұраныс артады.