Жылқы сүтін қазақтың ұлттық брендіне айналдыруға мүмкіндігіміз бар – Аманжол Әлтай

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Үкімет сағатында айтып, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа жылқы сүтін өндіретін зауыттар салуға қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мынау XVIII ғасырда Ақтамберді деген атамыз “жылқыдан асқан мал бар ма, қымыздан асқан дәм бар ма” деп айтқан екен. Біз өкінішке қарай бүгінгі таңда төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал жылқының сүті ешқандай бағалаусыз, бағасыз болып бара жатыр. Біз бағасын біле білсек осы жылқы сүтінің өзін өндіріп, оны тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыруға мүмкіндігіміз бар, - деді депутат. Аманжол Әлтай жылқы сүтін өңдейтін зауыт жоқ екенін айтып, мәселе қалай шешілетінін сұрады. Енді елімізде Молодежныйдағы шағын зауытты қоспағанда жылқы сүтін өңдейтін бірде-бір зауыт жоқ. Жылқы сүтін өңдейтін зауыт салу жоспарларыңызда бар ма? – деп сұрады Әлтай Ауыл шаруашылығы министрінен. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, елімізде зауыт салуға ниет білдіріп отырған азаматтар бар. Бізде Қарағанды облысында “Саумал” зауыты бар. Өткен аптада оны аралап келдім. Жігіттермен кездестім. Әр облыста сауып жатқан азаматтар да бар. Саумалды өткізу проблемасы бар екен. Олар Еуропаға өте алмай отырғанын айтты. Сұраныс шамалы. Қытайға өткізуге сұрап отыр, сосын БАӘ-ге жіберіп жатырмыз. Ол жерде құлындарға тамақ ретінде де береді екен. Сондықтан қазір Қытайға шектеуді алып тастадық. Енді қазір реестрге кіргізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді министрі. Ол зауыт ашылатын болса, оны Қарағандыдан бастайтынын айтты. Сұраныс болса, зауыт салуға ниет танытқан біраз адамдар бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда Барлыбай деген шаруа қожалығы бар, қымыз шығарады, бие сауады. Қанша керегін ғана сауып жағдайын жасап отыр. Биыл жылқы басы 4 млн-ға көбейді, - деп қосты Сапаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған
Жәнібек Әлімханұлы үш бірдей чемпиондық белбеу үшін рингке шыға ма?
Сақтық – саналы әрекет
Пияздың пайдасы мен зияны
Әскер қатары толықты
22 желтоқсан – архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Бокста алғаш рет жасанды интеллект төрешілік қызмет атқарды
Жол бойындағы лезгинка: Ақтауда қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
«Бәрінен құтылатын жыл»: Танымал нумеролог 2025 жылға болжам жасады (ВИДЕО)
“Балаларға арналған кәмпит те жоқ“. Дәулет Мұқаев Парламент құпиясын ашты
50 миллион теңге: 7 баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды
Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған
Қытайда 3 шақырым туннельді 110 күнде қазады, Алматы метросын ше?
Алматы облысында полицей жолда қаза тапты
Бәрі бітті: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты
Атырауда 60-тан аса отбасы ажыраспақ болып, кейін татуласқан
«Балаларға электрошокер қолданып, ине шаншыған»: Атыраудағы әскери мектепте тексеріс басталды
Микрофонға бола жанжалдасқан ер адам сотталды
Ұлытаулық азамат бұрынғы сүйіктісінің жалаңаш суреттерін жариялағаны үшін сотталды
Бүгін қазақстандық архившілер күні
Атырауда баланың саусағы шайбаға кептеліп қалған