Жылу беру маусымы аяқталды

Қызылорда облысы бойынша 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталды. Жылу беру маусымында өңірдегі 1 995 нысанға тұрақты түрде жылу энергиясымен қамтылып, тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов хабарлады.– Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтті. Дегенмен, қазіргі таңда алдағы жылу маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылды. Осыған байланысты барлық жауапты кәсіпорындардың дайындық жұмыстарының кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Айта кетейін, биыл жылу желілерін жаңғырту бойынша республикалық бюджеттен 6 жобаға 6,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 9,5 шақырым жылу желілері жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ, кәсіпорын тарапынан 3,5 шақырым болатын жылу құбырлары ауыстырылады, - деді Бауыржан Ізмағамбетов. – 2023-2024 жылу беру маусымында Қызылорда қаласын үздіксіз жылумен қамтамасыз еттік. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша 199,05 шақырым жылу желілері бар. Бүгінде олардың тозу көрсеткіші 45,1 пайызды құрап отыр. Қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1 621 нысан қосылған. Оның ішінде 808 көпқабатты тұрғын үй, 262 жеке тұрғын үй, 50 мектеп пен 308 шаруашылық нысаны, сонымен қатар, бірнеше мекеме бар. Сондай-ақ, қаладағы жылу желілерінің тозу көрсеткішін азайту мақсатында жалпы ұзындығы 9,5 км құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту жоспарлануда. Ол үшін тиісті қаржы бөлініп, мердігер мекемелер анықталды. Айта кетейін, 2024 жылдың 15 сәуірінен мамырдың 15-іне дейінгі уақыт аралығында қаладағы жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізіледі. Сонымен қатар, қаланың оңтүстік ауданындағы жылу желілерінде де ең жоғары температуралық жылу тасымалдағыш сынағы өткізіледі,- деді Қызылорда жылу электр орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Наурыз Сатханов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған 15 адам анықталды
Ақтауда Жаңа жыл түнінде жасанды пальма ағашы өртенді
Қазақстан теннисшілері тарихында алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
"Тұман, көктайғақ, бұрқасын": тоғыз өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ақтөбеде 58 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алды
Анасына тосынсый жасамақ болған жігіт жол апатынан қаза тапты
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)