"Жылу маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын", – Үкімет басшысы

Жылу беру маусымына дайындықты дұрыс жүргізбеген жауаптылар жұмыстан кетеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деді. Былтырғы олқылықтарға биыл жол берілмеуі тиіс. Етек-жеңді қазірден қымтап, ағаш, көмір, отынды қаптап, «кәрі құданы» қарсы алуға сақадай сай болу керек. Алайда, қазір атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітпейді. Қысқа дайындықты "нашар" деп бағалады премьер-министр.Елдегі жылу электр орталықтарының 70 проценті әбден тозған. Қыста тағы бүрсеңдемес үшін барлық қазандықтарды тексеріп, жөндеу жұмыстарын Үкімет ерте қолға алғандай болып еді. Алайда, жұмыс әдеттегідей, жоспарға сай емес. Энергетика министрінің айтар уәжі - энергия өндіруші ұйымдардың компаниялар алдындағы қарызы көп. Берешектерін өтеуге де асықпайды дейді. Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы алдындағы берешегі 15 млрд 574 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» мекемесінің алдында 6 млрд 541 млн теңге сомасында берешегі бар. Энергетикалық кәсіпорындар қарызды өтеуді жеделдетуі қажет. Жауапты ведомство жайбасарлығын бұл проблемамен ақтап ала алмады. Үкімет басшысы "желілерді жөндеу қарқыны өте баяу" деп, министрдің жұмысын сынға алды. Жаздың жартысы өтті. 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Кейбір нысандарда техникалық тексеру жұмыстары да әлі бітпеген. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Уәкілетті орган мен әкімдіктер арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмысын нашар деп бағалаймын. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек. Жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу. Қатты отын да қыста тапшы болуы мүмкін. Пайдаға құныққандар іштегі нарықты арзансынып, халыққа арналған көмірді шетелге сатып жатыр дейді Индустрия және инфрақұрылым министрі. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Халыққа жеткізілетін көмірдің бағасы экспорттағы бағасымен салыстырғанда 5-6 есеге төмен. Халыққа барып жатқан көмірді кейбір кәсіпкерлер алып, оны шетелге сатып жатыр. Өзбекстанға, Қырғызстанға сатуда. Енді олар көмірді көлікпен пойызға жеткізіп, шетелге пойызбен шығарып жатыр. Мәселе осында. Көмірді ертерек жаз уақытында алу керек. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаған Премьер министр, жауаптыларға арқаны кеңге салмай тәулік бойы жұмыс істеуді тапсырды. Егер, жаз біткенше жағдай жақсармаса, жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданатынын қатаң ескертті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сатпайды, тек сыйлыққа береді: сүйектен кәдесыйлар жасайтын шебер жұртты тәнті етті
Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Маңғыстаудағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылды
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді – Қазгидромет
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды