Жылыту мәселесіне атүсті қарауды доғарыңыздар – Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов жылу нысандарын жаңғыртуда бюджет тепе-теңдігін сақтау қажеттігін айтты.«Бұл ретте республикалық, жергілікті бюджеттерден және инвестициялық бағдарламалар аясында қаржыландырудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қазір негізінен республикалық бюджет қаражаты жұмсалып жатыр. Әкімдер Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, монополистермен жұмыс жүргізіп, қаржыландыру бойынша ең оңтайлы тетіктерді ұсынсын. Жөндеу жұмысында қауіп бар. Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз», - деді ол. Премьер-министр Маңғыстау облысындағы МАЭК-тің №2 жылу орталығының қазандығын жөндеу жұмыстары 8 қаңтардан бері басталмай келе жатқанын сынады. «Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым, жылыту маусымы бойынша штаб жұмысына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмысының барысын тікелей бақылауға алу керек», - деді Олжас Бектенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды