Қабірлерді қиратып жатыр

Полиция Маңғыстау облысындағы православиелік зираттың бір бөлігін қиратқан күдіктілерді іздестіріп жатыр. Алайда қылмыс болған жерде бейнебақылау камералары болмағандықтан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарға вандализм үшін жауапкершілік барын ескертіп отыр. Облыстық полиция департаменті вандализмнің жолын кесу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын атап, сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгенін мәлімдеді6-деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.“Вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра нысандарын қирату немесе қоғамдық мүлікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттер үшін 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 160 сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі қамауға алу қарастырылған. Халықтың өтініші бойынша біз әрдайым тексерулер жүргіземіз, бірақ қоршаудың бір бөлігінің ұрланғаны анықтағаннан кейін, қайтыс болған адамның туыстары әрдайым полицияға жүгіне бермейді немесе ұзақ уақыттан кейін хабар береді. Бұл қылмыскерді іздеу жұмыстарын қиындата түседі, - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева. Маңғыстауда аталған үш зиратты күтіп ұстаумен "Алтын Нұр" ЖШС айналысады. Компания басшысы Нұржан Байнековтың айтуынша, қала зираттарында вандализм жағдайлары жылда қайталанып отыр. Оларға қылмыстық жауапкершілік те, қоғамдық айыптау да, ар-ұят сезімдері тоқтау бола алмай тұр. Өткен жылы металл сатушылар әр түрлі қоршаулардың бөліктерін сындырып алып, темір қабылдау пунктіне өткізген. Алайда 2023 жылы мұндай жағдай туралы халықтан шағым түспеген. “Қазіргі уақытта зиратқа келушілердің қоқыстарын қалдырып кетуі негізгі мәселе болып тұр”, - дейді Нұржан Байнеков. Соңғы жылдары Маңғыстауда вандализм деректері жиі кездесетіні байқалады. Мысалы, 2023 жылдың ақпанында бұзақылар Ақтау жағалауындағы балюстрадты (теңіз жағалауындағы қоршау) бұзып кеткен еді. Қыруар қаржыға жасалған мемлекеттік мүліктер де вандалдардың назарынан тыс қалған емес. 2023 жылдың қарашасында Ақтауда жылы жағажай аумағында кәріз сорғы станциясының жабдықтары ұрланған. Сарапшылар шығын қазірдің өзінде 105 миллион теңге болғанын атады. - Темір кейбіреулер үшін адам өмірінен де қымбат тұрады. Былтыр белгісіз біреулер жол апатының санын азайтуға арналған республикалық тас жолдар бойындағы қоршауды да ұрлап әкетті. Қазір орнатылған қоршаулардың жартысынан көбі бүлінген. Олардың бір бөлігі ұрланса, тағы бір бөлігі іске жарамсыз болып қалды, - деді “ҚазАвтоЖол” өкілдігі. Жақында Түпқараған шамшырағы (маяк) аумағында болған вандализм оқиғасы қоғам назарын аударды. 160 жылдық тарихы бар сәулет ескерткіш аумағы демалыс алаңына айналған. Демалушылар тарихи мұраны аяқасты етіп қана қоймай, соңынан қоқыс қалдырып, шашып кететіні тыйылмай тұр. Психолог Наталья Петельганың айтуынша, вандализм әрекеттері әртүрлі себептер мен жеке нанымдар негізінде жасалады. Бірақ вандалдарды біріктіретін белгілі бір психологиялық профиль бар.Кәдімгі вандал - бұл әдетте жетілмеген тұлға, оның эмоциясы интеллект пен өзін-өзі басқарудан басым түседі. Көбінесе мұндай адамдарда ішкі мәдениет пен эмоционалдық интеллект жетіспейді. “Вандализм мен ар-ожданның бір біріне қатысы жоқ. Вандалдар бақтардағы гүлдерден бастап ойын алаңдары мен қабірлерге дейін бұзады. Ештеңеге қарамастан бәрін тып-типыл етеді. Жасөспірімдер мұны назар аудару үшін немесе зерігуден жасаса, ал ересек вандалдардың моральдық принциптері мүлдем жоқ. Айыппұлдар олардың мінез-құлқын өзгертпейді. Зақымданған заттарды қалпына келтіру үшін өтемақы талап ету оларды ойлануға мәжбүр етеді, - дейді психолог Наталья Петельга. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді