“Қабырға құлап кете ме деп қорқамыз ”,- Алматы облысының тұрғыны

“Қабырғалар жарылып, үйіміз құлайын деп тұр”. Алматы облысында үйлерінің жанына автокөлік көпірі салынған тұрғындардың әбден мазасы қашқан. Күні-түні жүретін жөндеу жұмыстарынан баспаналарының іргетасы шытынап кеткен. “Үйлеріңіз бұзылады” деп уәде еткен әкімдік мәселені шешуге асығар емес. Тұрғындардың жан айқайын Әйкерім Пернебек тыңдады. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Темір жолдың іргесіндегі 4 үйдің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Мына көпірдің құрылысы басталғанда баспаналар қызыл сызықтың үстінде қалып қойған. Төрт жыл бұрын тұрғындар үйлері бұзылады деген хабар алған. Бірақ одан кейін жан баласы іздеп келмеген. Нұрғали ҚАСЫМОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Үйдің бәрін арестке қойып қойды. Мына мостты жасап жатқан кезде жерді ояды ғой бізде, ойған кезде мына 35 метр жерді қазады, бұрғылаған кезде үйде бізде күнде землятресение болады. Барлығын шақырдық акимат келді, земельный келді. Келіп бізге керегі жоқ енді дейді. Ол сонда қалай? Халықты алдап отыр ма? 70-і еңсерген кейуана Зәуреш Боранбаеваның үйінің қабырғалары әр жерден сөгіліп тұр, қанша от жақсаң да, жылымайды. Бір жағында көпір, бір жағында темір жол. Жарық бағаналары құлап, жиі жарықсыз қалады. Зәуреш БОРАНБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:  20 жылы мына жерден мост түсті мінекей, мост түскенде кезде мына үйде біз отыра алмадық. Мынаны тескен кезде енді үй қимылдап тұрады. Үйлеріміздің бәрі қақ жарылып, қазір көмір жағамыз. Үй ысымайды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы бұл баспаналардың жағдайынан хабардар. Алайда көпір құрылысы басталғанда маңындағы 29 үйді жобаға қосып, 4 баспананы елеусіз қалдырып кеткен. Темірлан ТІЛЕУҒАЗИН, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Төрт үйді апатты жағдайды екенін көз жеткіздік, ҚазАвтоЖолмен алдында жиналыс жасағанбыз. Барлығын көрді. Алдағы аптада біз қазір ҚазАвтоЖолға хат жолдаймыз, бұл үйлерді шешу мәселесін айқындап жазып беруін сұраймыз. Әкімдіктегілердің айтуынша, барлық жұмыс “ҚазАвтоЖол” компаниясының келісіміне қарап тұр. Әдіс СЕЙДАХМАТОВ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мен сөйлескен кезде олар айтқан тиісті ұсыныстарды әзірлеп жатыр, қазір олар пока ешқандай нәтижесі жоқ. Бірақ олар айтқан осы мына бір айдың ішінде ұсынысты жібереді бізге. Демек, бұл 4 үйдің тағдыры әзірге белгісіз. Тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды