Қажылыққа барып, қамауға алынған үш жүзден астам отандасымыз босатылды. Қазір жапа шеккен қазақстандықтарға Сыртқы істер министрлігі тарапынан тиісті көмек көрсетілуде. Айта кетейік, бес парызының бірін өтеуге барған жерлертерімізді "Zam-Zam Qazaqstan" компаниясы сан соқтырған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, бұл компанияның қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы болмаған. Тіпті, ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ.Айбек Смадияров, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:Сыртқы істер министрлігінің Джидда қаласындағы бас консул атына біздің азаматтарымыздан Сауд Арабиясындағы полиция бөлімінде қамауда екендігі туралы хабар түсті. Ол бойынша көмек көрсетілді. Ұсталған қажылардың барлығында қажылыққа жарамайтын туристік виза болған. Бас консул өз қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, оларды босатып, қонақ үйге орналастыруға көмектесті. Сауд Арабиясының аумағына жалған визамен 300-ден астам азамат барған. Барлық қажылардың орналасқан жерін бақылау мүмкін болмай тұр. Себебі, қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астам қажы бірнеше автобуспен өз бетінше кетіп қалған.