Қажылықта қайтыс болғандар саны 1300-ден асып кетті

Қажылықта қайтыс болғандар саны 1300-ден асып кетті

Сауд Арабиясындағы биылғы қажылық кезінде қайтыс болғандардың саны 1300-ден асып кетті. Олар шөл патшалығындағы исламдық қасиетті орындарда өте жоғары температураның құрбанына айналып отыр. Мұны Сауд Арабиясының билігі жексенбі күні хабарлады.Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдуррахман әл-Джаладелдің айтуынша, қаза тапқан 1301 адамның 83 пайызы қасиетті Мекке қаласы мен оның маңайында қажылық рәсімдерін орындауға рұқсатсыз барып, аптап ыстықта ұзақ қашықтыққа жаяу жүрген. Мемлекеттік Al Ekhbariya телеарнасына сұхбат берген министр 95 қажы ауруханаларда емделіп жатқанын, олардың кейбіреулері ел астанасы Эр-Риядқа ұшақпен жеткізілгенін айтты. Және де министр қайтыс болған қажылардың көпшілігінің жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олардың кім екенін анықтау жұмыстары кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді. Әл-Джаладелдің сөзінше, марқұмдар Меккеде жерленді. Жан тәсілім еткендердің арасында 660-тан астам мысырлық бар. Каирдегі екі шенеуніктің айтуынша, олардың 31-нен басқасы рұқсат етілмеген қажылар болған. Мысыр билігі рұқсатсыз қажыларға Сауд Арабиясына баруға көмектескен 16 туристік фирманың лицензиясын қайтарып алды. Аты-жөнін атамауды өтінген шенеуніктердің айтуынша, қаза тапқандардың көпшілігі Меккенің әл-Муайсем ауданындағы Төтенше жағдайлар кешенінде тіркелген. Жалпы алғанда, Мысыр биыл Сауд Арабиясына 50 мыңнан астам рұқсат етілген қажыны жіберіпті. Сауд Арабиясы билігі қажылыққа рұқсатсыз барушылардың жолын кесіп, ондаған мың адамды елден шығарды. Бірақ көпшілігі, негізінен мысырлықтар, Меккедегі және оның айналасындағы қасиетті жерлерге, бәрібір жаяу жеткен. Рұқсат етілген қажылардан айырмашылығы сол, бұл адамдарда аптап ыстықтан жан сақтайтын қонақүйлері болмады. Мысыр үкіметі сенбі күнгі мәлімдемесінде 16 туристік агенттіктің қажыларға тиісті қызмет көрсете алмағанын айтты. Жергілікті үкімет, сонымен қатар, сол компаниялардың басшылары тергеу үшін прокурорға жіберілгенін мәлім етті. Мемлекеттік "Әл-Ахрам" газетінің хабарлауынша, кейбір туристік агенттіктер мен қажылық сапар операторлары қажылыққа баратындарға эксклюзивті виза талап ететін Сауд Арабиясының ережелерін бұзып, туристік визаларды сатқан. Және де сол агенттіктер қажыларды Меккеде және қасиетті жерлерді аптап ыстықта далада қалдырды деген мәлімет бар. Associated Press агенттігінің мәліметінше, бес парыздың бірін өтеуге барып өлгендердің арасында Индонезиядан 165, Үндістаннан 98 және Иорданиядан, Тунистен, Мароккодан, Алжирден, Малайзиядан ондаған қажы бар. Сонымен қатар, АҚШ екі азаматының қайтыс болғанын хабарлады. 2015 жылы Минада 2400-ден астам қажы аяқ астында тапталып қаза тапты. Бұл - қажылық кезіндегі ең көп адам шығыны. Ал 1990 жылы дәл осындай себеппен Меккеде 426 адамның өмірі қиылды. Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметі бойынша, биылғы қажылық кезінде тәуліктік жоғары температура Мекке мен оның айналасындағы қасиетті орындарда 46 - 49 градус аралығында болды. Кейбір адамдар шайтанды символикалық таспен атқылау барысында есінен танып қалған. Сауд Арабиясы көпшілікті бақылауға және жыл сайынғы бес күндік қажылыққа баратындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге миллиардтаған доллар жұмсайды. Бірақ қатысушылардың көптігі бұл шараларды тиісті деңгейде жүзеге асыруды қиындатып отыр. Климаттың өзгеруі қауіпті одан әрі күшейтуі мүмкін. Массачусетс технологиялық институтының сарапшылары 2019 жылы жүргізген зерттеу көрсеткендей, әлем климаттық өзгерістердің ең жағымсыз салдарын жеңілдеткен күннің өзінде, қажылық 2047 - 2052 жылдары және 2079 -2086 жылдары "өте қауіпті шектен асатын температурада" өтуі мүмкін.

Аптап ыстықта жан тапсырғандар саны артты
Аптап ыстықта жан тапсырғандар саны артты
  • bugin.kz
«Арбат» демалыс аймағында дәрігерлер тегін тексеру жүргізді
«Арбат» демалыс аймағында дәрігерлер тегін тексеру жүргізді
  • Otyrar
Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды - депутат
Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды - депутат
  • TengriNews
Жетісуда 30 ауыл газға қосылады
Жетісуда 30 ауыл газға қосылады
  • baq.kz
Олжас Бектенов БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады
Олжас Бектенов БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады
  • el.kz
Мотоцикл апатынан 2 адам қаза тапқан
Мотоцикл апатынан 2 адам қаза тапқан
  • Massaget
"$10 млн сыйақы". АҚШ ресейлік хакерді айыптады
"$10 млн сыйақы". АҚШ ресейлік хакерді айыптады
  • arbatmedia.kz
Газетке деген жанашырлық – ұлтқа деген жанашырлық
Газетке деген жанашырлық – ұлтқа деген жанашырлық
  • baq.kz
Ақмола облысында 130-ға жуық жоба іске асырылады
Ақмола облысында 130-ға жуық жоба іске асырылады
  • baq.kz
Астанада Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады
Астанада Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады
  • el.kz
  Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға 2 миллиард доллар бөледі
Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға 2 миллиард доллар бөледі
  • aikyn
Мектептің өзін дұрыс сала алмайды, АЭС қалай салады – Маман қоғам қорқынышы туралы
Мектептің өзін дұрыс сала алмайды, АЭС қалай салады – Маман қоғам қорқынышы туралы
  • baq.kz
ҰБТ басталғалы шекті балды 77% талапкер жинады
ҰБТ басталғалы шекті балды 77% талапкер жинады
  • el.kz
  8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
  • aikyn
"Басқа адамның кейпіне еніп, даусын өзгерте алады". ІІМ азаматтарды сақтандырды
"Басқа адамның кейпіне еніп, даусын өзгерте алады". ІІМ азаматтарды сақтандырды
  • Massaget
Абай облысында полицейді қағып кеткен күдікті ұсталды
Абай облысында полицейді қағып кеткен күдікті ұсталды
  • TengriNews
Қазақстанның бірнеше өңірінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылды
  • el.kz
Байден Трампқа қарсы: Дебат ерекшелігі неде?
Байден Трампқа қарсы: Дебат ерекшелігі неде?
  • arbatmedia.kz
ҚХА су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді
ҚХА су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді
  • baq.kz
Бірегей палеонтологиялық ескерткіш. «Қаз қонақ» кімге керек?
Бірегей палеонтологиялық ескерткіш. «Қаз қонақ» кімге керек?
  • baq.kz
Бизнеске жол. 37 мыңнан аса кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Бизнеске жол. 37 мыңнан аса кәсіпкердің құқықтары қорғалды
  • baq.kz
Кәрім Мәсімовке кешірім берілмейді
Кәрім Мәсімовке кешірім берілмейді
  • el.kz
Қазақстандықтардың 68,1 пайызы мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді
Қазақстандықтардың 68,1 пайызы мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді
  • baq.kz
Ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған
Ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған
  • Massaget
Уимблдонның негізгі жарысына бірде-бір қазақстандық өте алмады
Уимблдонның негізгі жарысына бірде-бір қазақстандық өте алмады
  • Vesti
Аргентина құрамасы Мессиден "айырылып отыр"
Аргентина құрамасы Мессиден "айырылып отыр"
  • Vesti
Еуро-2024. Суперкомпьютер 1/8 финалдың ойындарына болжам жасады
Еуро-2024. Суперкомпьютер 1/8 финалдың ойындарына болжам жасады
  • Msports
ХОК Олимпиадаға Ресей мен Беларусьтен 39 спортшыны шақырды
ХОК Олимпиадаға Ресей мен Беларусьтен 39 спортшыны шақырды
  • arbatmedia.kz
Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды
Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды
  • qaz365.kz
Атырау облысында шетелдік найзағай ұрып қаза тапты
Атырау облысында шетелдік найзағай ұрып қаза тапты
  • TengriNews
Димаштың жолымен: Әлемге әйгілі «Singer» жобасында Рухия Байдүкенова бақ сынайды
Димаштың жолымен: Әлемге әйгілі «Singer» жобасында Рухия Байдүкенова бақ сынайды
  • sn.kz
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент депутаттары каникулға кетті
  • sn.kz
Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
  • TengriNews
Тоқаев журналистерді марапаттады
Тоқаев журналистерді марапаттады
  • TengriNews
Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беріле ме? ІІМ пікір білдірді
Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беріле ме? ІІМ пікір білдірді
  • TengriNews
Тоқаев: Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер емес, қарапайым еңбеккерлер құрады
Тоқаев: Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер емес, қарапайым еңбеккерлер құрады
  • TengriNews
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
  • bugin.kz
Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады
Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады
  • TengriNews
Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр
Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр
  • bugin.kz
Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?
Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?
  • adebiportal.kz
Тобыл-Торғай өңіріндегі киелі жерлер
Тобыл-Торғай өңіріндегі киелі жерлер
  • e-history.kz
Күндерек. 28 маусым - әлем және Қазақстан тарихында
Күндерек. 28 маусым - әлем және Қазақстан тарихында
  • e-history.kz
Домбыраны ұшаққа алып кіруге қашан рұқсат етіледі? Аманжол Әлтай жауап берді
Домбыраны ұшаққа алып кіруге қашан рұқсат етіледі? Аманжол Әлтай жауап берді
  • el.kz
«Жалынғанды суқаным сүймейтін адаммын»: Әлішер Кәрімов пен Димаш Құдайберген неге араласпай кетті?
«Жалынғанды суқаным сүймейтін адаммын»: Әлішер Кәрімов пен Димаш Құдайберген неге араласпай кетті?
  • sn.kz
Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған кім?
Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған кім?
  • TengriNews
Дау-жанжалдарды басқару: мәселеден қалай шығуға болады
Дау-жанжалдарды басқару: мәселеден қалай шығуға болады
  • baq.kz
Астанаға Telegram негізін қалаушы Павел Дуров келді
Астанаға Telegram негізін қалаушы Павел Дуров келді
  • qaz365.kz
Өзбекстанда аптапқа байланысты пойыз жылдамдығы шектеледі
Өзбекстанда аптапқа байланысты пойыз жылдамдығы шектеледі
  • TengriTravel