Тарихи әрі тартысқа толы ЕУРО-2024 іріктеу ойынына байланысты Елорда әкімдігі қала тұрғындарына бүгін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді,- деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Өйткені көлік кептелісі туындауы мүмкін. Ойын кешкі сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.Демек Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік саны шамадан тыс көп болуы мүмкін. «Қоғамдық тәртіп, жол ережесін сақтау маңызды», - дейді қала әкімдігі.