Қалааралық такси жүргізушілері енді 8 сағаттан артық темір тұлпарды тізгіндемейді. Тексерістен өтпеген көлік жолға шықпайды. Ішкі істер министрлігі осындай шектеулер енгізіп, талапты күшейту қажеттігін айтты. Оған дайынбыз ба? Әріптесім Сүндет Оралбек тарқатады. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Қалааралық таксиді осындай көпшілік көп жүретін сауда орындары мен вокзалдың жанынан табасыз. Қаласы мен бағасын айтып, жолаушы жинайды. Біреуімен келісіп көрейік. Мен секілді орын табылса отыра кететіндер көп екен. Көлік жолға жарай ма, жүргізуші медициналық тексерістен өткен ба? Ешкім сауалдың астына алып, мазаламайды. Бастысы, діттеген жерлеріне жету. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бірінші рет жүгініп тұрмын. Тоқтап, шаршадым, ұйықтаймын десе қарсылық білдірмеймін. Өйткені біздің қауіпсіздігіміз маңызды ғой. - Шындығын айту керек, уақыты тиімсіз. Пойыз болсын, автобус болсын уақыт тиімсіз болғандықтан машинаға жүгінеміз. Машинамен тез жетеміз ғой. - Біз көбінесе "ИНДРАЙВЕРДІ" пайдаланамыз. Өйткені межгород таксилер сол жақта ғой. Машинаның комфортына қараймын. Мысалы, күн ыстыық болса ішінде кондиционер болуы керек. Манбай Мұхтар 2 жылдан бері Астана-Қызылорда бағытында жолаушы тасымалдайды. Жан басына 15-20 мыңнан алады. Бірақ тапқаным көлігімді жөндеуден артылмайды дейді. Себебі, жолдың сапасы сын көтермейді. Салдарынан жүріп өткен әрбір 3000 мың шақырым сайын темір тұлпарын тексертіп отыруға мәжбүр. Манбай МҰХТАР, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ: Аптасына екі рет шығам. Жолда 15-16 сағат жүреміз. Шаршаған уақытта дем алып аламыз. Клиенттерден ешқандай жалоб жоқ. Енді интернет агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілері 8 сағаттан артық жүрмейді. Сонымен қатар, жолға шығар алдын медициналық тексерістен өтеді және жылына екі рет темір тұлпарын техникалық байқаудан өткізу міндеттелмек. Вице-министрдің сөзінше бұл трассадағы жол көлік оқиғасын азайтады. Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Көбіне олар пайда табу үшін ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланылатын көліктер қауіпті. Ал жүргізушілер жолаушы тасымалының талаптарын орындамайды. Автосарапшы Нұрлыбек Рахманов қалааралық таксилер қадағалаусыз қалғанын айтады. Темір тұлпар тізгіндегеннің көбі оңай кәсіпке айналдырып алған. Тіпті, жүргізу куәлігін кеше ғана алған жастар да бар. Ереже нақты бекітіліп, қадағалаудың жолы болуы қажет деп санайды. Нұрлыбек РАХМАНОВ, АВТОСАРАПШЫ: Күніне 1500 шақырым жүретін таксистер бар. Жалпы негізі 800 шақырымнан артық жүрмеуге кеңес берген жөн жүргізушілерге. Мысалы, ірі компанияларда ірі жүк көліктері 8 сағаттан артық жүрмейді. Оларда сптуник ДЖПС навигатор қойылған. Үлкен фуралар көлікті тоқтатуға мәжбүр болады. Мысалы, әрі қауіпсіз, еңбек құқығын сақтау деп ойлаймын. 8 сағаттан артық жұмыс жасатпау. Нақты ереже қашан іске қосылары әзірге белгісіз. Сарапшылар қалаларға қатынайтын жайлы автобустарды көбейтіп, ірі жолдардың бойына тынығатын орын санын арттыру керек дейді. Сонда ғана жолдағы қауіпсіздік тұрақталады.