Қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті

Қызылорда облысында «Сыр бойы» газетінің 95 жылдығы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Оразбек Мақсұтұлын еске алуға арналған бильрдтан турнир өтті, - деп жазды Kyzylorda-news.kz.Шара барысында Оразбек Мақсұтұлының қызметтес әрі замандас достары естелік айтып, оның кәсіби қыры мен адами болмысы туралы толымды пікір білдірді. – Оразбектің таным-түсінігі, тілішік қабілеті қарымды еді. Әрбір ізденісі жүйелі еңбекке құрылғанымен құнды болатын. Бүгінгі буын үлгі аларлық кәсіби дағды, шығармашылық әлеует ерек сезілетін. Сондықтан қаламгерді қатарластар ғана емес, жас өрен де ерекше қадірлеп, есімін ұлықтап келеді, – деді Қазақстанның құрметті журналисі Қайырбек Мырзахметұлы. Журналистер арасында ұйымдасытырған додада түрлі БАҚ өкілі бой көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Тастаяқ тартысында үміткерлер жеребе арқылы жұпталып, басым түскені жеңіске жақындады. Сайыс қорытындысы бойынша III орынды «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы, II орынды баспа маманы Шыңғыс Бекішов иеленсе, I орын «QYZYLORDA» телеарнасының тілшісі Қозы Көрпеш Жасаралұлына бұйырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды. Жиын соңында Оразбек Мақсұтұлының отбасы мүшелері сөз сөйлеп, баласы Берік Оразбекұлы мен бауыры Орынбасар Мұхитұлы турнирге қатысушыларға алғыс білдірді. Турнирге «Альбион» демалыс кешені, энергетика саласының ардагері Мұхит Кәрімбаев, баспахана саласының ардагері Бақыт Қаюмов демеушілік жасады. Айта кетейік, белгілі журналист Оразбек Мақсұтұлы еңбек жолын 1978 жылы Сырдария аудандық «Сырдария» газетінен бастады. 1984-1987 жылдары облыстық телерадиокомитетінің тілшісі, редакторы, 1987-1991 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап өмірінің соңына дейін бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бүгінде талантты журналисті ұрпақ жадында жаңғыртуды мақсат еткен бильярдтан БАҚ өкілдері арасындағы турнир бесінші мәрте өткізіліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Су тасқыны. Жалғансай ауылын су басу қаупі бар
Қызын аштан өлтіріп алған қазақстандық әйел сотталды
Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады
Қазақстанда жүргізу емтиханына өз бетінше дайындалу алынып тасталады
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы басталды
«Керемет менеджер деп айта алмаймын». Бәпи Мырзағалиевтың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді
Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Жалған мәліметтер енгізген: Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Су тасқыны. Жылыой тұрғындары әкімдік алдына не себепті жиналғаны белгілі болды
Олжас Бектенов Ақмола облысының егіншілерімен кездесіп, егіс жұмыстарының барысын тексерді
Президент Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасымен кездесті
Каспий итбалығы Индерге жетуі мүмкін бе?
Ерлан Сайыров: Қаржы Агенттігі балық шаруашылығына шабуыл жасап жатыр
Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Арқалықтың әуежайын қайта жаңғырту үшін зерттеу жұмыстары жүргізіледі
Дәулет Мұқаев: Жастар баспана алу үшін шетел асып, жұмыс істеуге мәжбүр
Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Депутат Шымкенттегі «Жас Ұлан» мектебін әскери колледж етіп өзгертуді сұрады
Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Мопед жүргізушілеріне талап күшейеді: Мәжіліс заңды қабылдады
Қазақстанда уақыт белдеуі қайта өзгере ме?