Елімізде соңғы уақытта тренинг трендке айналды. Әлеуметтік желіде "тіркелушісі" көп екі адамның бірі -мотиватор. Ақылы ақыл береді. Соған қарамастан, оған қатысушылардың қарасы қалың. Тренинг бизнеске айналды ма? Дәрібек Бахытбек зерттеді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Бай болғың келе ме? Онда дәл осы сәттен бастап менің онлайн курсыма тіркел. Қалтаң ақшаға толады, жолыңда дым кедергі болмайды. Бәрін өзім үйретем.... Осылайша жұртты өзіне риясыз сендіретіндер көп қазір. Ал олардың сөзіне елтіп, еретіндер, өмірін 180 градусқа өзгерткісі келетіндер де аз емес. Тренингке қатысқанның бәрі байып кетпейді дейміз ғой... Бірақ, сөйтсек, айы оңынан туатындар да бар екен. Солардың бірі -Серік Құсайынов. Ол курсқа қатысу үшін астындағы көлігін сатқан. "Қазір бәрі жақсы, кәсібім дөңгелеп тұр" дейді. СЕРІК ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осыдан 4 жыл бұрын біздің жұмысымызда көп сәтсіздіктер болды. Сосын арнайы курс оқыдым. Бір-екі айдан соң өндірісіміз өсті. Сатуда, маркетинг жүргізуде білімімді жетілдірдім. Сол курсқа мен бар жоғы 60 мың теңге төледім, бірақ сол ақша жүз есе ақталды. Қазір басқа курс оқып жатырмын. Оған ай сайын 600 мың төлеймін. Бірақ бұл сомма өзін 100 пайыз ақтайды. Бизнес кеңесшілер жиынға қатысушылардың қатары күннен күнге көбейіп жатқанын айтады. Алғашқы курс тегін болады екен. Егер көңілден шықса ақы төлейді дейді. Тегін ақыл жоқ. Әлихан БЕЙСЕНБЕК, БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ: Бағасы 300 мыңға бар, 500 мыңға бар и 1 миллионға лейін жететін суммалар бар. Байығысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ оңай олжаға кеңелу мүмкін емес,-дейді мамандар. Мың жерден кеңес алып, қай данышпанның ақылын тыңдасаң да, еңбексіз ештеңе келмейді. Нұрлан БАЙҒАБЫЛ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: Тренингке қатысу ол бизнес бағытында болсын, сыртқы сұраныс болсын, әлеуметтік психологиялық бағыттағы ішкі сұраныстан адамның қажеттілігінен болатын тренингтар ол сіздің сұрағыңызды қанағаттандыра ма? Ол да бір үлкен сұрақ. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі ондай тренингқа бару үшін де оның нәтижесін көру үшін де сыни көзқараспен яғни қадам жасауы абзал. Ал халықтың пікірі әралуан. БЛИЦ: - Қатысып көруге болады негізі. Жанағыдай табысы жақсы болып жатса болады ғой неге көрмеске? неге жасамасқа? - Енді таза еңбекпен жұмыс істеп байыған дұрыс деп ойлаймын. - Адамда өзіңде мақсат болмаса ол бәрібір жете алмайды ғой қанша тренинг қатысқанмен. Тренингке "үйренсем-білсем" деген талаппен барады. Бірақ біреудің өмірін немесе тағдырын өзгерте алмайтынымыз анық. Мүмкін, дұрыс жол сілтер. Бірақ барлығына бірдей баюға мүмкіндік туа қояр ма екен?