Netflix "Кальмар ойыны: челлендж" реалити-шоуының трейлерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.Реалити-шоудың премьерасы 22 қарашада өтеді. 456 қатысушы бас жүлде – 4,56 миллион долларға таласады. Бұл индустрия тарихындағы ең ауқымды реалити-шоу болмақ. Әрине, шоудың сериалдан айырмашылығы да бар: ешкім ешкімді өлтірмейді.