Қалтаны қаққан баға қашан тұрақталады?

Мың құбылған нарық халықты әбден әбігерге салды. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тағамдар 25, ал ет бағасы бақандай 20 процентке өскен. Арқаны мұздатып, қалтаны қаққан баға туралы аймақтағы әріптестерім жалғастырады.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Жасыратыны жоқ, екі адамның басы қосыла қалса, базардағы бағаны базына қылып, қымбатшылыққа қынжылады. Өйткені, үйдегі көңілді дүкендегі баға бұзып тұр. Шыны керек, менің бір өзім бір аптада 10 мың теңгені тек азық-түлікке жұмсаймын. Оның өзінде қалағанымды таңдап тұрып, тәбетім тартқан тағамды емес, теңгем жеткен тамақты аламын. Қазіргі нарықта үнемдеу артық болмайды.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Ең қажет деген азық-түлікті алдым. Есептеп көрейік, күнбағыс майы - 5900 теңге, 4 келі ұн - 3000 теңге, қант – 1258 теңге, жұмыртқа 1350 теңгеге шықты. Басқа-басқа шәйді уақытылы ішетін қазақ үшін қаймақ пен сүтті ұмытуға болмайды. Ал мен сияқты ақшаны үнемдеу үшін тәтті бәліш пен кәмпитті тізімнен бірден сызып тастаймыз. Көп нәрсе алмаған секілдімін, бірақ осының өзі 17 395 теңге болды. Құрметті көрермен, мен қоржынымды үйге жеткізейін. Сондықтан әрі қарай Павлодарлық әріптесім жалғастырады.Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Павлодарда ет бағасы шарықтап тұр. Бақандай 20 процентке өскен. Сиыр етінің келісі 2600 теңгеден саудаланып жатыр. Ал жылқы еті тіпті қымбат. Келісі 3500 теңгеге жетті. Қой еті де жылқы етіне жақындап қалған. Оның келісі – 3000 мың теңге.Серік ҚАСҚЫРБАЕВ, САТУШЫ: Сиырдікі мысалы, 1800-ден сатамыз қабырға етін, ал мякоттерін 2600 теңге. Ал жылқы етін 3000-нан аламыз. Мякоттарын 3300, 3400-ден сатамыз. Еттің қымбаттағанын сатушылар да растайды. Айтуларынша, бұған мал азығының өсуі себеп болған. Светлена МАНЕНОК, САТУШЫ: Жаңа жылда еттің бағасы 1950 болып жатыр. Қымбаттаса да сонда да етті алып жатыр кісілер. Алады, етсіз қалай енді. Ал қараша халық еттің бағасы күннен күнге өсіп бара жатқанын айтады. Сондықтан да, еттің өзін несиеге аламыз деп отыр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Мен өзім көпбалалы отбасынан шыққанмын. Жетпейді. Шын, жасыратыны жоқ. Қазір тамақты да каспий редке алады. Түгелі редке көшеді. Мысалы ауылды жерде көмір алады. - Өте-өте қымбат. Қарапайым қазақ ала алмайды. Мысалы, көп баласы барлар. Бір үйде бірнеше баласы барларға өте қиын ет алу. - Ет алайын деп жатырмын. Қымбат кішкене. Кішкене арзандатса болады ғой. Ал шенділер еттің бағасы бар жоғы 100 теңгеге қымбаттады деп айды аспаннан бірақ шығарды. Әнел БИАРЫСТАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылға қарағанда ет бағасы 100 теңге өсті. Және де облыс бойынша ет және ет өнімдеріне тапшылық жоқ. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Павлодар облысы ет өнімдері қымбаттаған өңірлер арасында көш басында. Шенді шекпенділер сиыр және тауық етінен басқасын бақылау құзыретімізді кірмейді деп қол қусырып отыр. Ал Атырауда не қымбат? Бағаны әріптесім Базаргүл Нәдірқызы бағамдады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Атырауда күнделікті тұтынатын әлеуметтің маңызы бар азық-түліктердің бағасы тұрақты емес. Ай сайын емес, күн сайын қымбаттап барады. Оған статистика департаментінің дерегі дәлел. Мысалы, жыл басымен салыстырғанда алғашқы екі аптада пияз 10,3%, күріш 5,5%, макарон 2,7%, сүзбе 2,4%, күнбағыс майы 2%, жұмыртқа 3 процентке қымбаттаған. 20-30 теңгеден артық қоспаймыз деген саудагерлер, өзіміз қымбатқа аламыз деп ақталады. Алдау ДЕМЕШОВА, САТУШЫ: Жуаны 200ден алып тұрмыз, екі күн, тек қана 2 күн. Оның алдында біз 130, 150ден алып, 130-бен алғанда 150-мен сатамыз, ал 150-мен алсақ, 170-пен сатамыз. Тек қана 20 теңге ойнаймыз. Олар да қымбат-қымбат, қалай сатасыңдар деп қиналып жатады. Сондықтан қарапайым халық азық-түлікті үнемдеуге көшкен. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -Біз ет алмаймыз, ақшамыз жетпейді, тауық аламыз, тауық жейміз. Жеміс-жидекті де қонақ келгенде аламыз. Удай қымбат. Колбаса көтеріліп жатыр, шекерің, шемішкі майың көтеріліп жатыр. -Сүт деген 500ге жақындап қалды. Біздің алатынымыз сүт пен айран ғой, айран, биоайран 600 болды. Оны қазір іше алмаймыз, немереме алып бара жатырмын. Немереме, өзім іше алмайын, өзім ішсем, ақшам жетпейді. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Сатушылар баға өсімін тауар жеткізушілерге сілтейді. Ал олар тасымал құнының қымбаттап кеткенін алға тартады. Нәтижесінде қарапайым халық бар тапқан табысы тамақтан артылмайтынын айтады. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
«Оларды сөкпейміз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бірге видео жариялады
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“