Әнші Бауыржан Нұрымбетов «Жаңа қадам» ток-шоуында қалың малға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.82 жастың жартысына келдім. Жас кезімде үйлене алмадық. Өйткені, рұқсат берген жоқ. Мен де қырсығып, бір емес екі университетте оқыдым. Қазіргі таңда барлығы бар, үйімізді де алдық, жұмысымыз да бар. Кейде достарыма қалжыңдап «Қалың малды қыз жақ маған берсін», - деймін. Үйім бар, дүниенің бәрін толтырып қойғам. Олар «саған кім тиеді» деп қояды. Негізінде, Қазақстанда қыз бен жігіт бір-бірін жақсы көретін болса, қалың мал бермей, сол ақшаға жастар аяқтан тұрып, үйді кеңейтуге немесе керектісіне жұмсаса деп ойлаймын, - дейді әнші. Айта кетейік, біраз уақыт бұрын мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әнші туралы ақпарат шыққан еді. Кейіннен әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені туралы жазылған еді.