"Қалың малы - 3 млн теңге": тай қызы қазаққа келін болды

Ихва есімді тай қызы Маңғыстау облысына келін болып түсті. Жастар әлеуметтік желі арқылы танысып, табысқан. Екі жыл тек онлайн дос болыпты. Сонан кейін жігіт сүйіктісінің ата-анасымен кездескен. Ал екінші кездесуде қалыңдығын Қазақстанға алып келген. Қазаққа келін болған тай қызымен тілшіміз тілдесті. Тай қызы махаббаты үшін мұхит асып келген. Адайларға келін болып түскен Ихва ислам дінін қабылдап, есімін Інжу деп өзгерткен. Ата-енесімен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ихва СУПАФОН, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Қазақ ұлтына келін болған өте қызық, бірақ өз қиыншылықтары да бар. Алғашқыда ата-анам мені Қазақстанға жібергісі келмеді. Әйтсе де менің бақытым үшін күйеу баласының ықыласын қабылдады. Қазақстандағы жаңа отбасым мені жылы қарсы алды. Мен орамал тағып, қалай сәлем салу керегін үйрендім. Тайландта мұндай дәстүр жоқ. Қазақ халқының салтын тез үйреніп кетемін деген ойдамын. Маған ең қызығы -қысты, қарды көру. Ихваға салт-дәстүрге сай құда түсіп, сырға салынған. Тіпті, қалыңмалын да беріпті. Маңғыстаулықтар тайландтық құда-жекжатқа лайықты құрмет көрсетіп, келісімін алған. Енді оларға біздің елдегі құдалықтың қалай болатынын көрсеткісі келеді. Гүлсім ДЖЫЛЫМБАЕВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Өзі үйге келгенше үйренген ғой, YouTube-тан қарап, біздің дәстүрлерімізді қарап. Қалыңмалына 5 млн сұрады бізден, біз 3 млн апарамыз дедік. Біздікіндей шашу шашып, құда күтеді дегені жоқ, бәрі шығып күтіп тұрады, бірақ біздікіндей емес. Бір қызығы бізде қазақта үлкен кісілер сөйлейді ғой қазақта, ал жастар сөйлемейді де кірмейді. Ал оларда керісінше. Жалпы, 5 мыңнан аса өзге ұлттың қызы қазақ отбасына келін болып түскен. Сондай-ақ 4500 қазақтың қара домалағы басқа этностан қыз алған. Қазақтар көбіне орыс, өзбек, татар және ұйғыр ұлтымен құда болатын көрінеді. Ерлан КӨПЕС, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:2023 жылы елімізде 121 мың неке қиылды. Оның ішінде қалалық некелер 80 мың, ал ауылдық 41 мың. Бұл некелер ішінде басқа ұлт өкілдерімен тіркелген некелер саны 21 мыңнан аса неке немесе 17,7 пайызды құрайды. Неке саны 2022 жылмен салыстырған кезде 5,9 пайызға аз болды немесе мың адамға шаққан кезде 6 некені құрады. Аймақтар бойынша ұлтаралық некенің ең жоғарғы үлесі Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі болса, ең аз үлес Қызылорда, Түркістан және Атырау облыстарында байқалады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бірге екен ғой»: Жұлдыз Әбдукәрімова Қайрат Нұртаспен видео жариялап, желіні шулатты (ВИДЕО)
Бүгін – Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды