Қалыңдық ұрлаған маңғыстаулық тұрғын шартты түрде сотталды

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қыз алып қашу бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Бейнежазбаға түсіп қалған оқиға осы жылдың басында болған. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 16 қаңтарда Шымкент қалалық полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қызын белгісіз біреу некеге тұру мақсатында ұрлап кеткенін хабарлаған. Полиция қызды қала сыртына алып кеткен көлікті тапты. -Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Бұл іс қалалық прокуратураның ерекше бақылауында, - деп хабарлады қадағалау органы күдіктіні ұстағаннан кейін. Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы мен ол ұрлап кеткен қыздың әлеуметтік желі арқылы танысқаны белгілі болды. «Сотталушы Г жәбірленуші А-мен Instagram желісі арқылы танысқан. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан келген. Некеге тұру мақсатында ұрлап әкетіп, бірге Маңғыстау облысына қарай кетіп қалған», - делінген ауданаралық хабарламада. Бір күн бұрын жігітке қатысты үкім жарияланған болатын. Белгілі болғандай, тергеу мен сот барысында ұрланған қыз мен оның ата-анасы жігітті кешірген. Оның өзі сотта кінәсін мойындады. Осы себепті сот отырысына төрағалық еткен судья Сәбит Төреханов сотталушыны кінәлі деп тауып, оны бас бостандығынан айырмау туралы шешім қабылдады. -Сот жаза тағайындау кезінде жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, оның жеке басында соттылығының жоқтығын, сондай-ақ жәбірленушінің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы пікірін ескерді. Сот үкімімен Г., ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, 4 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
«Резервте тағы 54 млрд теңге бар». Үкімет Атырау облысына қосымша қаржы бөлуге дайын
Сәкен Бибосынов пен Асхат Жүсіпов Астана турнирінің финалына шықты
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?
Былтыр бюджеттен қанша млрд теңге тиімсіз жұмсалған? – Жоғары аудит жауабы
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
Тасқын қаупі сейілген жоқ. Шәпкенов учаскелердегі кезекшілікті күшейтуді тапсырды
Қазақстандағы алпауыт білім беру платформасы түркі елдеріне жол тартты
"Патрондар атылады". Полицейлер алматылықтарға ескерту жасады
Еліміздің азаматтарында қанша көлік бар?
Құлсарылықтар өтемақы мәселесі бойынша кеңес қайдан алады
Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар қыз анасымен қауышты
Талдықорғанда оқушы қыз көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды
"Медеу" табиғи паркінде жеке тұлғаларға жер учаскесі заңсыз берілген
Сенатта денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі талқыланды
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
«Ер адам басына диван құлап қайтыс болды». Оқиғаға кінәлілер анықталмаған
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
Экология талаптарын орындамаған кәсіпорындар жауапқа тартылды
Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды