Продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші рет шаңырақ көтерген ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видео жариялады. Онда ол қалыңмалға қанша бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әлеуметтік желіде жүктеген видеода продюсер құдаларына апарған қоржындарын көрсетті. Алдымен жаңа түскен келінге сырға салынды. Кейін ас тартылып, қоржын көрсетілді. Қоржынның ішінде аталарына қолдан тігілген жастықтар, әжелеріне 9 шапан, әулеттің үлкен апасы мен құдағиға бриллиант сырға, әжесіне де шапан, алтын сырға мен ақ орамал, келіннің 9 жастағы сіңлісіне де бриллиант сырға, ал құдаға арнайы қолдан тігілген шапан мен бриллиант жүзік, келінге де бір сандық киім сыйға тартылды. Сондай-ақ, продюсер келніне "өзім сияқты королева болсыншы" деп түрлі көйлектерді де табыстады. Гүлзира Айдарбекова құдаларына апарған қоржындарын көрсетіп, дәстүр бойынша қалыңдықтың қалың малын берді. "Әке күші - 500 мың, ана сүті - 500 мың, қалыңмалы - 10 мың доллар, сонымен қатар, өлі-тірісі бар", - деді Гүлзира Айдарбекова.