Желіде жүргізу куәлігінен айырылып, қамауда отырған әнші Төреғали Төреәлі Алматыда көлік айдап жүргені туралы хабар тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz. Қазнетте әнші Алматыда Land Cruiser айдап жүргені туралы хабар тарады. Айта кетейік, әнші жақында 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алматының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. "Бұл - жалған ақпарат, яғни шындыққа жанаспайды. Әртіс Алматы полиция департаментінің әкімшілік-қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауды өтеуді жалғастырып жатыр", - дейді тәртіп сақшылары. 3 шілдеде танымал әнші Төреғали Төреәлі жол ережесін бұзғаны үшін тағы бір жаза алды. Сот мәліметінше, әнші жолдағы қос тұтас сызықты кесіп бұрылғаны және полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сот орындаушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 667-бабында 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу, ал 596-бабы бойынша 6 айға көлік жүргізу құқынан айыру көзделген.Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған еді. Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан."Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.