Кәмелетке толмаған балаға энергетикалық сусын сатуға бола ма?

Бұл ақпарат жалған болғанымен, қазір жеткіншектер мен жастар күн сайын ішетін энергетикалық сусынның зияны көп. Мамандар оны талай мәрте айтып, дабыл қағып жүр. Бірақ, оған құлақ асып жатқандар аз. Зиянды сусынға жастар неге әуес? Оның құрамында адамды өзіне елтетін не бар? Тілшіміз зерттеді. Адамның өне бойын улайтын энергетикалық сусын ағзасы енді қалыптасып келе жатқан жеткіншектер үшін өте қауіпті. Бірақ, зиян екенін қанша айтып жатса да, оған деген әуестік балада да, ересекте де тиылмай тұр. Қаламыздағы дүкен сатушылары осы сусынды 10 жастағы балаға сата ма екен? Тексеріп көрдік. Біріншісіне барып едік ештеңе сұрамастан бірден сатып жіберді. Екінші дүкенде де жағдай қайталанды. Қызығы, сатушы камераны көргеннен кейін біз мұндайды сатпаймыз деп жалтарды. - Жауап бере аласыз ба? Неге саттыңыз 18-ге толмаған балаға? - Мынау не? Білмеймін. Біздікі емес. - 18 жасқа толмаған балаларға сатуға болмайды. Денсаулықтарына зиян. - Білмеймін. Бізде ондай жоқ. Энергетикалық сусынды тұтынғанның салдарынан жүйке жүйесінен бастап, жүрек, асқазан, бауыр мен бүйрекке зақым келеді. Тіпті көп ішкендер күйзеліске түсіп, ашушаң, төзімсіз, агрессивті бола бастайды дейді мамандар. Арман ӘЛІБЕКОВ, №10 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Баланың өсіп келе жатқан ағзасында жүйке жүйесінде әртүрлі ақаулықтар пайда болуы мүмкін. Егер балада тез ашушаңдық болса, егер тез шаршаса, ұйқысы бұзылса, яғни бала кофеин құрамында көп мөлшерде бар энергетикалық сусындарды ішуі әбден мүмкін. Мамандар энергетикалық сусын тек 2-3 сағат әсер етеді дейді. Одан соң адам ағзасы шаршаңқы күйге ұшырап, әлсіздік пайда болады. 18-ге толмаған және жүкті әйелдерге ішуге тыйым салынған. Бұл туралы сусынның өзінде жазылғанымен ешкім мән беріп те жатқан жоқ. Өзіне тәуелді ететін сусынның құрамында не бар? Гүлнәз ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МАМАНЫ: Энергетикалық сусынның құрамында бензат натрий тексерілді. Кофеин мөлшері тексерілді. Ацесульфам, аспартам және сахарин осы көрсеткіштер тексерілді. Бензат натрия 150 миллиграмнан киллиограм болса, одан жоғары болған жоқ, кофеин де сондай 150 миллиграмнан киллограм нормасы одан ауысқан жоқ. Дания, Норвегия, Түркия, Исландия және АҚШ-тың бірнеше штаттарында энергетикалық сусындар дүкен сөрелерінен әлдеқашан алып тасталынған. Ал еліміздегі дүкендерде зиянды сусын еш кедергісіз, еркін саудаланып жатыр. Бірақ заң жүзінде ешқандай тыйым салынбай тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұртыңды ұрайын...
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл