Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, - деп хабарлайды polisia.kz.Сарыөзек - Жаркент тас жолының 323-шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктері соқтығысты.Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт айдаған анықталды.Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, сондай-ақ жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.Полиция көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережелерін сақтауды қатаң ескертті.