Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты жаза күшейеді

Сенат мақұлдаған дәл осы заңда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейту қарастырылған. Құжатта балаларға байланысты ұрып-соққаны үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ал қасақана зиян келтіргендер бас бостандығынан айырылды. Осылайша депутаттар әйелдер мен балаларға қатысты 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім берді. Заң жобасында тағы қандай мәселелер қарастырылған? Тілшіміз Бекболат Сатуов баяндайды. Тұрмыстық жанжал шығарғандар, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендер заңмен жазаланады. Әйелдерге немесе балаларға дене жарақатын келтіргендер қылмыстық жазаға тартылады. Жағдай қайталанса, сот жәбірлеушіге қатысты шараны күшейтеді. Осылайша, заң жобасында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамға жеңіл жаза тағайындауға тыйым салу көзделген. Жанна АСАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қалыптасып отырған жағдай мен оның статистикалық көрсеткіштері осы саладағы құқық бұзушылықтарды криминалдандыруды, құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келетін жаза тағайындауды және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ететін тиімді құқықтық база қалыптастыруды талап етіп отыр Сондай-ақ, педофилдер мен баланың өмірін қиғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Айтпақшы, заңда белгіленген ата-ана құқығынан айыру туралы норма төңірегінде де тартыс болды. Сенаторлар мұндай өзгеріс қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін талқылады. Дегенмен бұл процесс бір дегеннен жүзеге аспайды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ата-ана құқығынан айыру мәселесі ұзақ тексерулерден кейін ғана жүзеге асатынын айтады. Игорь ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бірінші кезекте бұл мәселені кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарайды. Содан кейін сот қарайды. Ол жерде сот барлық жағдайды тексереді. Ата-аналардың жеке басы тексеріліп, олардан балаға төнетін қауіп толық зерттеледі. Содан кейін ғана сот шешім шығарады. Бұл заң ата-ана құқығынан айырылғандар санының көбеюіне әсер етпейді. Сонымен қатар 16 жасқа толмаған жеткіншектерді қоғамдық көліктен түсіріп тастауда заңмен жазаланады. Жаңа заң жазалаумен ғана шектелмейді. Құжатта отбасын қолдау орталықтарын ашу мәселесі де көзделген. Мәулен ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қиын жағдайға душар болған отбасыларға және балаларға көмек беретін арнайы әлеуметтік құрылымды қалыптастыруға құқықтық негізді дамытады. Сол себепті енді осы заң қоғамымыздың сұраныстарына сай келеді деп есептейміз. Заң жобасы екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Ендігі жерде Президентке қол қоюға жіберілді. Құжат қабылданса, әйелдер мен бала құқықтарына байланысты жаза күшейіп, жауапкершілік артатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Қазақ файтері ресейлік қарсыласын әзер жеңіп, титулын қорғады (ВИДЕО)
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 24 қараша 2024, 12:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Болат Назарбаевтың меншігінде болған Алматыдағы қымбат нысан саудаға шығарылды
АҚШ-та ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты