Қазақстандық әнші және актриса Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасындағы сторисінде орамал тағуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Әнші сторисінде оқырмандарына өзінің соңғы кездері жиі орамал тағуының себебін түсіндіріп кетті."Көп рақмет, соңғы кездері неше түрлі орамалдар менің гардеробымда көбеюде. Әртүрлі киімдерге, көйлектерге жарастырып таққанды жақсы көремін. Білмеймін, ол ішімде болып жатқан өзгерістер ме, солай болып жатыр. Бірақ сіздерден теріс пікір болғанын қаламаймын. Өйткені хиджаб кию бір бөлек, орамал тағудың өзінің бұрынғы заманнан келе жатқан осындай бір үрдістері бар. Қазіргі мендегі дәреже - ол әрине әйел адамның табиғатын одан сайын ажарландырып аша түсетін әдемі киімнің бөлшегі ретінде тағып жүрмін. Өзімнің пікірімді қалдырып кету осы жерде орынды", - деді Кәмшат Жолдыбаева.Еске салайық, биыл 1 наурызда әлеуметтік желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ұзату тойынан кадрлар пайда болды. Артынша әншінің сіңлісі Алтынай Жолдыбаева Кәмшат пен Ғазіреттің шаңырақ құрғанын растап, отбасылық суретті жариялады.