Танымал продюсер Баян Мақсатқызы үлкен экранға шығуына мұрындық болған Тәуекел Мүсілім туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Осындан 10 шақты жыл бұрын ел ықыласына бөленген “Махаббатым жүрегімде” телехикаясында актер басты рөлді сомдаған еді.“Тәуекел Мүсілім – кинодағы “ұлым”. Түсірілімнің алғашқы күні есімде қатты сақталыпты. “Махаббатым жүрегімде” сериалына түстік. Ол кезде өте жас. Тәжірибесі жоқ актер болды. Менің оның “анасы” болып ойнадым. Әкесін іздеу қиынға соқты. Бойы еңселі, түрі келбетті, жасы 45-тан асқан актер табу оңай болмады. Содан танымал архитектор Нұрлан Төрехановқа қолқа салған едік. Нәтижесінде, керемет отбасы шықты. Түсірілім басталды. “Мотор, камера, баста” дегенде сөздерімізді айтуымыз керек. Мен Тәуекелдің түріне қарап, сөздерімді ұмытып, “Сені қандай ана осындай әдемі етіп туды екен?!” деп ойланып кетіппін. Қарасаң көзің тоймайтын, келбетті жігіт. Арада ұзақ жыл уақыт өтті. Бүгінде Тәуекел талантты актер, әке, жар. Кеше кездесіп қалдық. Маған сыйлық та ала келіпті”, – деп жазды продюсер. "Ағамды пышақтап кетті": Нұрболат Қанай хит болған әнінің шығу тарихын айтып берді "Мақта өңдеп, зауыт-фабрика ашайық": Жазира Байырбекова елтаңбаны алмастыру туралы ойын бөлісті Желі қолданушылары продюсерге фильмнің жалғасын түсіруін өтініп, қолқа салып жатыр. “Сол сериал керемет еді”, “Жалғасын неге түсірмейсіз?!”, “Тәуекел сол кезде жап-жас болатын”, “Тәуекелдің ата-анасымен араластық, өте жақсы кісілер”, “Баян Мақсатқызы Тәуекелдің құрдасы сияқты” деп жазып жатыр оқырман қауым.