Қандай ер азаматқа тұрмысқа шықпау керек?-сауалнама

Қандай ер азаматқа тұрмысқа шықпау керек?-сауалнама

Әйелін асқан қатігездікпен өлтірді деп күдіктелген экс-министр Қуандық Бішимбаевтың ісі қоғамда дау тудырды. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, әйелдерді қорғайтын заң шығаруды жаппай талап етуде. Осы ретте Stan.kz редакциясы желі қолданушылары арасында “Қандай еркектерге тұрмысқа шықпау керек?” деген тақырыпта сауалнама жүргізген еді. Көпшілік ер азаматың бойындағы нашар қасиеттерге: ойын құмарлық, алкогольге тәуелділік, сөзінде тұрмауды атады. Осы тақырыпты жалғастыра келе отандық шоу-бизнес өкілдерінен де өз пікірімен бөлісуді сұрадық.“Қандай еркектерге тұрмысқа шықпау керек?” атты сауалнамаға жауап берген қазақстандықтардың пікірі мынадай болды.“Ойын құмар, ішкіш, өтірік сөйлейтін, жауапкершілігі жоқ жалқау еркектерден қашыңдар қыздар”, “Балаларына, әйеліне дөрекі сөйлейтсе, бір рет қол көтерсе, қашыңдар! Соны біле тұра ондай еркектің тұқымын көбейтпеңдер”, “Жігерсіз, санасыз, екі жүзді, жауапкершілігі жоқ адамнан аулақ болған жөн”, “Ойын ойнайтын, сөзінде тұрмайтын, әйелді сыйламайтын, боқтайтын, қаңғыбас еркектерден қашу керек”, – деп пікір қалдырды желідегілер. Күйеуінен қорлық көрген әйелдер әлеуметтік желіде өз оқиғасымен бөлісіп, көптің талқысына түсуден қорқып, бұғып қалған сырларын ашты. Олардың қатарында танымал блогер, тележүргізуші Әсел Асқар да бар. Ол бірінші күйеуінен зәбір көргендіктен ажырасып кеткенін айтты. “Балама тиген соққыдан кейін ажырасамын деген шешімге келдім. Ұлымды көтеріп келе жатқанда менің басымнан ұрып қалды. Алдыңғы тісім ұлымның басына тиіп, тыртық қалдырды. Шыдамым таусылды. Екі апта өткен соң болған жағдайды анама айтып бердім. Мені алып кеткен соң тиран күйеуден құтылдым. Ұзақ уақыт өзіме-өзім келе алмадым. Псхилогиялық және моральдік тұрғыдан қалыпқа келдім. Бірақ мен күйеуімнің соққысынан көрі қоғамның талқысынан, басқалардың маған аяушылықпен қарағанынан қатты қорықтым”, – дейді Әсел Асқар. Блогер тұрмысқа шықпас бұрын қыз-келіншектерге болашақ күйеуінің ата-анасына деген қарым-қатынасына мән беріп қарауын сұрады. “Жігітіңіздің, күйеуіңіздің ата-анасына және оларға деген қарым-қатынасына қараңыздар. Соған қарап жігіттің болашақта сізге деген қарым-қатынасын көруге болады. Білімге, дамуға ақша аямаңыз. Ақылды, білімді адамға абьюзерлік қарым-қатынасты аңғару оңай”, – деп кеңес берді тележүргізуші. Танымал әнші Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге ер азаматтың қандай қасиеттеріне назар аудару керегін айтты. “Біріншіден, жігіттің сөзіне, салмақтылығы мен имандылығына көңіл аударған дұрыс. Сөзі түзу, білімді азаматтар болады ғой. Сыйласып, “сен менің өміріме береке алып келетін бақытымсың” деп махаббатпен қарайтын жігітке қарау керек. Керісінше, кездесіп бастағанда қайта-қайта “Қайда жүрсің?” деп хабарласатын, қызғаншақ, қызға билігін орнатқысы келетін, қызды өз меншігі санайтын жігіттерден қашу керек. Сыйлық беріп, басын айналдырып алып, “сен – менің жеке меншігімсің” дейтіндерден безу керек”, – дейді Жеңіс Ысқақова. Өнер иесі әйелге қол көтеріп, қиянат жасайтын ер азаматтарды жазаға тарту керек деп санайды. “Өз әйелін өлтіріп қойған еркектер бар. Ондай жағдайлардың біздің құлағымызға жетпегені қаншама?! Адам өлтіргендерді өмір бойында түрмеге тоғыту керек”, – дейді әнші. Осы тұста психолог Рауан Нұрғалиқызы қыз-келіншектерге жігітті танып-білудің жолдарын айтты. “Қыз бен жігіт қарым-қатынас құрып бастаған кезде екеуі де бір-біріне ұнауға тырысады. Сол себепті екі жақтан да шынайы қарым-қатынас болмайды. Көп жұптарда болатын тәтті кезеңде жігіт қызға түрлі сыйлықтар беріп, гүл шоқтарын сыйлайды. Алайда бұл кезде қыз бен жігіт бір-бірін танып, біле алмайды. Жас, тәжірибесі жоқ қыздар мен жігіттерді былай қойғанда, ақыл тоқтатқан, қарым-қатынаста болған келіншектер мен ер азаматтар адам танымай, жар таңдаудан қателесіп жатады. Елімізде ажырасып жатқан ерлі-зайыптылардың көптігі содан”, – дейді ол. Айтуынша, жігітті киноға, дәмханаға барып танып, білу мүмкін емес. Керісінше, ішімдік ішілетін жерде, ұрыс-керіс болатын жерде, ақшаға қатысты мәселелерде және жігіттің өз достарының арасында көру керек. “Өйткені кейбір жігіттер жеке қалғанда қызға “жаным, күнім” деп, достарының арасында оны сөзбен түйреп, төмендетуі мүмкін. Әйелді төмендету арқылы өзін еркек сезінетін ер адам үйленгеннен кейін де өзгермейді. Қол көтеруі мүмкін, сөзбен тиісіп, кемсітіп отырады. Бұл өте қауіпті нәрсе. Жақын туыстары мен отбасының алдында да осындай әрекеттері байқалса еш ойланбастан қарым-қатынасты үзу керек. Жігіттердің ондай әрекеттерін “ойнап отыр ғой” деп ақтаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ жігіттің сәтсіздікке ұшырап, жолы болмай жүрген кезін және керемет жетістікке жеткен бақытты сәтін көру керек. Неге? Өйткені сол кезде ғана біз оның шынайы бет-бейнесін көре аламыз. Жігіт өзін жоғалтып, қиналған сәтте, ұрыс-керіс кезінде қызға дөрекі сөйлесе немесе айналасындағыларға балағат сөздер айтып, өзін-өзі ұстай алмаса, бұл – “қаш” деген белгі”, – дейді психолог маман. Айтуынша, көп жігіттер қыздың алдында абырой жинау үшін айналасындағы адамдарға дөрекі сөйлеп, балағаттап, үстемдік көрсеткісі келеді. Қыздар оның бұл әрекетін “мен үшін істеп жатыр” деп ақтап алмау керек. Кейін үйленген соң сол үстемдік пен қысымды әйеліне көрсетіп жататындар көп. Психолог маман ата-анасы мен жақындарына қатігездік көрсеткен ер азамат болашақта жарына сондай қарым-қатынас жасайтынына сенімді. “Ата-анасымен сөйлеспейтін, оларға мейірім көрсете алмайтын ер азамат болашақта өз отбасына да соны жасайды. Ол өз жақындарына қысым көрсетіп, әлімжеттік жасап, мазақ қылған еркек әйеліне де соны көрсетеді. Психолог ретінде айтарым, қыз бен жігіт бір жыл кездесіп, қарым-қатынас құрып жүру керек. Ең болмаса күзде, көктемде қозатын ауруы бар ма, жоқ па соны білу үшін. Жылдың төрт мезгілінде адамның қалай құбылатынын байқау керек. Бір-бірін дұрыс танымай, алып қашып кеткен немесе дінімізде айтылағандай көп жүрмей үйлену керек деп бас қосқан бақытты жұптар бар. Өмір болған соң түрлі жағдайлар болады. Адам бір адаммен өмір бойы бірге бақытты болғысы келеді. Қыз бала сөйлесіп, кездесіп жүріп, іс-әрекеттерін байқап, танып, білгеннен кейін сенімді түрде тұрмысқа шыққаны дұрыс”, – дейді Рауан Нұрғалиқызы. Психолог экс-министрдің марқұм әйелі Салтанат Нүкеноваға айтылып жатқан хейтке қатысты пікір білдірді. “Өзі кінәлі”, “Ақша мен байлықты таңдады”, “Ұрып-соғуға дейін жеткізген өзі” деп жазып жатқан адамдардың сөзімен келіспеймін. Алдына жағдайы жақсы, сымбатты, лауазымды қызметте болған жігіт келсе ешқандай қыз бас тартпайды. Кез келген адам бірінші сыртқы келбетке, екінші жетістікке қарайды. Әйелдің жігіттің әулетіне қарап, болашақта балаларының қауіпсіз жерде дүниеге келуін, қорқынышсыз өмір сүруін ойлауы заңдылық. Бірақ тек ақшаны, байлықты ойлап күйеуге шығуды құптамаймын. Ол жағдайы жақсы ер азаматты таңдады. Ол үшін сөгу дұрыс емес деп санаймын. Жер бетінде 7 жарым миллиард адам болса, соның бәрі жақсы тұрмысты, әдемі болуды, жақсы өмір сүруді қалайды. Қыздың алдына келген ер азамат ішкіш емес, жұмыссыз емес, ұсқынсыз емес, былайша айтқанда, барлық критерийлерге сай келеді. Гәп оның мінез-құлқында болып тұр. “Ұрып-соғуға дейін жеткізген өзі” деген сөз адам өлтіруді ақтап алмайды. Көңілі қалып ұнамай жатса, ажырасып, екі жаққа кетсін. Ашу-ызасын ұстай алмайтын болса маманға барып, мінезімен жұмыс істесін”, – дейді психолог.

Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
  • almaty_tv
  «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
  • aikyn
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
  • baq.kz
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
  • aqshamnews
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
  • aqshamnews
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
  • aqshamnews
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
  • aqshamnews
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
  • aqshamnews
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
  • aqshamnews
  Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
  • aikyn
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
  • Massaget
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
  • aqshamnews
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
  • baq.kz
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Маңғыстаудағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылды
Маңғыстаудағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылды
  • Massaget
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді – Қазгидромет
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді – Қазгидромет
  • turkystan
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
  • aqshamnews
  Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
  • aikyn
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
  • baq.kz
  Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
  • aikyn
  Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
  • aikyn
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
  • el.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
"Ертіс" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
"Ертіс" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
  • el.kz
Жанжалдасқан ғашықтарды ажыратпақ болған спортшының өзі соққыға жығылды
Жанжалдасқан ғашықтарды ажыратпақ болған спортшының өзі соққыға жығылды
  • almaty_tv
Садраддин Ахметов жеңісінен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Садраддин Ахметов жеңісінен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
  • bassport.kz
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
  • sn.kz
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
  • almaty_tv
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды
Елордада егіз балаға жүкті әйелдің жатырына күрделі ота жасалды
  • almaty_tv
«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты
«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты
  • qaz365.kz
Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» атанды
Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» атанды
  • halyq-uni
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
  • turkystan