Қандыағаштық құтқарушылар жетпіс үштегі қарияны ауруханаға жеткізу үшін 18 шақырымды жаяу жүрген

Ақтөбе облысында екі күн боранда арнайы қызмет мамандары дамылсыз еңбек етті. Құтқарушылар бет қаратпайтын ақтүтекте көліктерді жаяу бастап жүрсе, дәрігерлер науқастарға қалың омбы қарды кешіп, әрең жетті. Қарапайым тұрғындардың өзі қар құрсауында қалғандарға азық-түлік, ыстық тамақ таратты. Осындай сын сағатта тағы кімдер адал еңбегімен ерекшеленді? Тілшіміз Бақыт Қазанғапқызы айтады. Бұл - боранды күні омбы қар кешіп, жүрегі қысылып жатқан науқасқа асыққан Хромтау аудандық жедел жәрдем қызметінің фельшерлері. Әлеуметтік желіде жұлдызға айналған жандар - Қайрат Тілеу, Сая Рысбай және Бауыржан Құдияров екені кейін белгілі болды. Бауыржан ҚҰДИЯРОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ : Жел, боран дым көрінбейді. Тау болып жатқан қар бар. Одан асып түсіп жеттік больнойға медициналық көмек көрсетіп, аман-есен қайттық. Уақытпен жұмыс істейміз ғой. Неге кешігіп жатсыңдар деп жатыр бізге. Видеомен диспетчерге жібердік. Қараңыз жол мынадай болып жатыр. Біз сөйтіп бара жатырмыз десек. Ол алғанда сетке жіберген. Бұл күндері құтқарушылараға да оңай болмады. Қарда қалған көліктерден 161 адам құтқарылып, 912 адам эвакуацияланды. Арасында жеті жүкті әйел, 17 бала болған. Бет қаратпайтын боранда құтқарушыларға жол талғамайтын көліктерді жаяу бастап жүруге тура келді. Қандыағаштық құтқарушылар жетпіс үштегі қарияны ауруханаға жеткізу үшін 18 шақырымды жаяу жүрген. Елдос МАРАТ, ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Сол күні ауа-райы нашар болды. Сол себептен құтқарушыларға 2-3 адамнан кезекпен кезек алдына жүгіріп отыруға келді. Сөйтіп 18 шақырымды жүріп өттік. Басшиелі ауылына жетіп, әжемізді алып, Қандыағаш қаласына сол қарқынмен бағыт алдық.Сөйтіп, Қандыағаш ауруханаға жеткіздік. Әжемізді дәрігердің қарауына қалдырдық. Өңірде бірнеше тәулік қарлы боранда үш мыңға жуық көлік қаңтарылып тұрды. Полицейлер 46 жерге блок бекет қойып, жүргізушілердің жолға шығып кетпеуін қадағалады. Еркін ӨТЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жетпістен астам техниканы қар құрсауынан шығарды. Жүзден астам адам жылыту бекеттеріне эвакуацияланды. Сонымен қатр волонтерлер жергілікті органдармен бірге ас суын жеткізіп берді. Жанар жағар май жеткізіп берді полицейлер. Арнайы қызметтер ғана емес, халық та бұл жағдайда бей-жай қалмады. Ауыл маңында тұрып қалған көліктерге азық-түлік , ыстық тамақ жеткізіп, көмек көрсетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды