Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің реакциясы (42-2-1, 37 КО). "Инсайдердің айтуынша, Алматы немесе Астанада өтетін шара аясында "Канеломен" фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді, бірақ ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады", - деп хабарлады Vesti.kz сайты. Еске салайық, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.