Қаңғыбастар қайда түнеп жүр?

Елімізде үй-күйсіз көше кезіп жүрген қаңғыбастар көбейіп барады. Бұл жеке тағдырлардың қасіреті ме, жоқ әлде қоғамның індеті ме? Қыстың көзі қырауда олар қалай күн кешеді? Оңалту орталықтары оларды қаншалықты өмірге бейімдеуде. Кейіпкер кейіпіне тілшіміз Дәрібек Бахатбек еніп, бір күн «бомж» болып көрді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Неге у-шу болып кетті. Тастай жерге жата салыппын ғой. Жұмсақ төсекте ұйықтап жүргендей айттым-ау. Көшеге түнеп жүргеніме қанша жыл болғанын ұмытып та қалыппын. Асқазан шұрылдап тұр. Қоқыс жәшіктерінде тіске басар ешнәрсе қалмаған шығар. Мейірімді жан кездессе екен. Жарты күн жүріп, ас ауқатқа ақша әрең таптым. Негізі «бомж» көрсе, бәрi тіксіне қарайды. Жанынан тезірек өтіп кетуге асыққандар көп болды. Көмектескісі келгендерді кезіктіру қиын. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Өте жаман. Кеше да мас беті бәрі қан қан и прям столица болғаннан кейін бәрі дұрыс емес. - Мынадай жылы остановкаларда бар ғой жылы отырады ішіп отырады. Оған жақсы емес көзқарасым. - Мүмкін қаңғыбастыққа өмір солай апарған шығар. Қиын жағдайға тап болған болар. Оған көмектесу керек. Жұман жиырма бес жылдан бері көше кезіп, қаңғырбастардың қатарында болған. Оның баратын жері болмапты. Қолында құжаты да жоқ. Ол 20 жасымнан үй-күйсіз жүрмін, дейді. ЖҰМАН: Әке шешем ажырасып кетті. Сол 93-тен бері қарай 3 жыл квартирада жүрдім. Сосын где то бір 20 жасымда басталған дала да қалу. Подъезде жатасын, ұйықтайсын. Квартира по стучни сминайт етесін. Жазда дала да жүре бересін. Сосын суық кезде қыста осында келесің, не істейсің. Жұман секілді далада қалғандарға бейімдеу орталықтары жәрдемдеседі. Соңғы уақыттары қаңғыбастар көбейіп кеткенін жасырмады. Астанадағы орталықтың күндізгі бөліміне күніне 10-15, ап, түнгі бөлімге 50 ден аса үйсіз адамдар келеді екен. Қазіргі таңда бұл орталықты 150-ге жуық адам тұрып жатыр.Самат ТОПАТАЕВ, «ДЕМЕУ» ӘЛЕУМЕТКЕ ҚОСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Күндізгі бөлімде оларға құжаттарын дайындаймыз. Мүгедек болса мүгедектігін рәсімдеп жаңағы қарттар үйіне жолдаймыз. Болмаса өзге аймақтарға жолдаймыз. Жаңағы осындай орталықтарға көмектесіп. Ал түнгі бөлімге онда тек қонуға ғана келеді. Бейімдеу орталығын олар бір жылға дейін ғана паналай алады. Осы уақыт ішінде құжатын дұрыстап, өмірден өз орындарын табу керек. Бірақ көпішілігінің мамандығы, жұмыс тәжірибесі болмағасын бұрынғы өмірге қайта түсетіндері аз емес. психологтар, қаңғыбас атанбас үшін қиыншылықпен күресу маңызды, дейді. Сәуле ӘБСАДЫҚОВА, ПСИХОЛОГ: Баспанасыз қалғаннан кейін ол қаңғыбасқа айнала бастайды. Далада қалған адам ішімдікке тез салынып сосын жауапкершілік сезімін жоғалтады. Жауапкершілік сезім жоғалғаннан кейін сол өмір ырғағына тез үйреніп далада өзі сияқты адамдарды кездестіргеннен кейін сол өмірге қалыптаса бастайды. Әрбір тағдырдың артында әлеуметтік, психологиялық мәселенің тұрғаны анық. Оны шешуге жәрдемдеспей қаңғыбастар қатарын азайту мүмкін емес. Д. Оңласын

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Қазақ боксшы Канеломен жаттыққан нокаутшымен айқасты
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін