76-шы Канн кинофестивалінің ашылу салтанатына шақырылған құрметті қонақтар арасында әлем жұлдыздарымен қатар Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те жұбайымен бірге төбе көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұбайын қолтықтап алып, Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті.Рим (Италия) корттарында өткен ірі турнирде өнер көрсеткен Александр Бублик бұл күндері бірнеше күнге демалыс алған. Жекелей сында үшінші айналымға дейін жеткен қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы - норвегиялық Каспер Руудқа жол берді. Енді "Ролан Гарос" старты алдында Бублик екі күннен кейін басталатын Женевадағы (Швейцария) ATP 250 турнирінде өз бағын сынап көрмекші.