Қаңтар айындағы ҰБТ-да ереже бұзған 160 адам анықталды

Қаңтардағы ҰБТ кезінде 160 адам ереже бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері азайған. Қаңтар айында осындай заңбұзушылыққа жол берген 160 өтініш берушінің нәтижесі жойылды. Руслан Емелбаевтың айтуынша, 62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ. ҰБТ "1 компьютер – 2 камера – 1 тест тапсырушы" қағидасы бойынша өткізілді."Өткен жылы алдыңғы камера енгізілді. Ең маңызды міндет - сәйкестендіру. Биыл қаңтардағы ҰБТ-да біреудіғ орнына кірген адамдар анықталған жоқ. Бейнежазбаларды тексереміз – цифрлық із. Заң бұзушылық анықталса, сертификаттар жойылады",-деді Руслан ЕмелбаевҚаңтар айында барлығы 123 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Олардың ішінде: шығармашылық мамандықтардан оқытудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ ақылы негізде педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетіндер және ақылы негізде ЖОО-ға түскісі келетін биылғы жылғы мектеп түлектері бар. Түлектердің 77 пайызы (95 мың) қазақ тілінен, 23 пайызы орыс тілінен, 91 адам ағылшын тілінен тестілеуден өтті. Сондай-ақ ерекше білім алуды қажет ететін 274 бала қатысты. Қаңтардағы ҰБТ басталғалы шекті балды (50-ден астам) талапкерлердің 83%-ға жуығы (103 мың адам) жинаса, 17%-ы немесе 21 мың адам шекті баллдан өте алмады. Орташа баллға келетін болсақ, ол 76 балл болды. Ең жоғары балл – 139. Оны бес адам ​​жинады."Тестілеуге қатысушылардың көбі, яғни 19,2 пайызы "математика – физика" пәндерін біріктіріп тапсырды. IT бағыттарын ҰБТ қатысушыларының 10 пайызы таңдады",-деді Руслан ЕмелбаевПәндер саны өзгеріссіз қалды – үш міндетті және екі таңдаулы. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде ҰБТ-2023 жаңа форматы бойынша Қазақстан тарихынан – 20, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 15 және екі бейіндік пән бойынша әрқайсысында 35 тапсырма болды. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды