Қаңтар трагедиясынан қандай сабақ алдық?

Қаңтар оқиғасына тура 1 жыл. Мұқым ел қара жамылып, қоғам бұрқ етіп, қасіретті күндерді бастан кешірді. Ұлт тағдыры мен бұқара бірлігі сынға түскен шақ естен кетпесі анық. 2022 жылдың басы Қазақстанның тәуелсіздігі таразыға түсті. Барыс жылы барымыздан айырылып, ел болып қаламыз ба, жоқ па? деген сауал еріксіз мазалай түсті. Газдың бағасы бірден аспандап кеткеніне алдымен жаңаөзендіктер наразылық білдірді. Бейбіт шерулер бірнеше өңірде жалғасты. Билік дер кезінде шешім қабылдап, халықтың талабын орындады. Бірақ бүлікшілер түрлі саяси шешім қабылдауды сұрай бастады. Арты дүрбелеңге айналды. Әсіресе, азаттықтың алтың бесігі саналатын Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қылмыскерлердің айтқанына еріп, айдағанына жүріп арандап қалған жандар да бар. Президент ауыр қылмыс жасамағандарға кешіріммен қарауды құп көрді. Рақымшылық туралы заң қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 1500 адам рақымшылыққа ілінді. Жалпы, қаңтар оқиғасына қатысты 1249 адам сотталды. Оның 160-ы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылған. 991 азаматтың жаза мерзімі жеңілдетіліп, 94 адам қылмыстық жауаптан босатылды. Тимур ТӘШІМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Қаңтар оқиғасы – еліміз үшін үлкен қасірет. Ол күндері мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігі мен қаупсіздігі қатер алдында тұрды. Президент дер уақытта шешімдер қабылдап, елімізді сақтап қалды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен бұл оқиғаның себептері мен салдары қаралып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев үрейленген қазақстандықтарға қайта-қайта үндеу жолдады. Сабырға шақырды, қорқынышты сейілтіп, халыққа сенімділік ұялатты. Дереу шешім қабылдап, кемшіліктерді қалыпқа келтіруге тырысты. Мақсат ЖАҚАУ, САЯСАТТАНУШЫ: Билік естіді. Соның салдарынан біршама бастамаларды қолға алды. Бұл саяси реформалар, екінші әлеуметтік экономикалық бастамалар. Естуші билік кеше қаңтар оқиғасынан сабақ алмаса, мұндай әрекеттерді бастамас еді. Осының барлығын көргеннен кейін қоғам да, билік те бұған дайындығын көрсетті. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамалары бұл жолғы 2023 жылы үлкен нәтиже күтеміз. Бүгінгі бағамыз кешегі қаңтар оқиғасын екінші қайталатпау. Қаңтарда қан төгіліп, жүрегіміз езілді. Бизнеске нұқсан келіп, қарулы күштерге соққы тиді. Қалаларымыздың астан-кестені шығып, ел азаматтарының берекесі кетті. Еске түсірсек, көңіліміз құлазып сала береді. Таяуда Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Президент қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды. Мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз. Бұл мақсат – президент ретінде мен үшін ең қасиетті борыш. Тұрақтылық пен татулық болса ғана, осы міндетті ойдағыдай орындай аламыз. Сынаққа сынбай, сүрінбей біріге түсудің арқасында бұл күндерді де еңсердік. Дүйім елге үлкен сабақ болды. Бейбіт күннің қадырін ұғындырды. Бұқараның да талабы ескерусіз қалмай, билік халықпен ашық жұмыс істеуде. Бастысы сең қозғалды. Қ. Мерей

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды