Әскери прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға шыққан үкіммен келіспейді.15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтады. Ол қару қолдану арқылы билігін асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған және екі адамның денсаулығына зақым келтірді деген айыппен сотқа тартылған болатын. Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Жұманды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурор үкімнің күшін жою жөнінде апелляциялық шағым түсіреді.