Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіру жарысынан екі қазақстандық спортшы қатысты, - деп жазды inform.kz500 метр қашықтықта сынға түскен Руслан Жанәділов — 38.26 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 14-ші болып кесіп өтсе, тағы бір отандасымыз Михаил Матрюхин — 39.56 секунд көрсеткішімен 18-ші орынға табан тіреді. Жарыс нәтижелері: 500 метр. 31 қатысушы 1-орын (германия) Финн Соннекалб— 36.61 секунд 2-орын (Норвегия) Мика Клевстуен — 36.79 секунд 3-орын (Оңтүстік Корея) Сеонанг Шин — 37.13 секунд 14 орын (Қазақстан) Руслан Жанәділов — 38.26 секунд 18 орын (Қазақстан) Михаил Матрюхин — 39.56 секунд Кезекті жүлде жиынтығы ертең 1 500 метрде сарапқа салынатын болады.