«Қаныш» фильмі кинотеатрларда көрсетілімге шықты

Біртуар ғалым Қаныш Сәтбаевтың тағдыры туралы «Қаныш» телехикаясының толықметражды нұсқасы бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетіледі. Фильмге ғалымның 1926-1934 жылдардағы өмірі негіз болған. Геологтың Қарсақпай жеріндегі ірі тау-кен инфрақұрылымын ашу жолындағы еңбегі суреттеледі. Өмірбаяндық драманың сценарийі жазушы Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» романымен тікелей байланысты. 1 жарым сағаттық фильмде Қаныш Имантайұлының мықты геолог қана емес, сондай-ақ ондаған баланы аштықтан аман алып қалған ерекше тұлға екені көрсетілген. 2 ай ішінде түсірілген туынды қазірдің өзінде бірнеше халықаралық марапатқа ие болып үлгерді.Ерлан НҰРМҰХАМБЕТ, РЕЖИССЕР: Біз ең бастысы сол аураны көрсеткіміз келді. Сол уақыттағы, сол замандағы аурасын. Біз Астанада түсірдік, Ұлттық Университеттің ішінде павильон жасадық. Одан кейін Баянауылға бардық, одан кейін Жезқазғанға бардық, Сәтпаевқа бардық, одан кейін Қарсақбайға бардық. Қаныш ағамыз қай жерлерде болды, сол жерлерге барып, бір сахна болса да түсірдік, бізге ол керек деп сондай идеямен жасағанбыз. Тау тұлғалы академикті сомдауға 300-дей үміткер ниет білдірген. Солардың арасынан Әсет Есжанның бағы мен бабы қатар шапты. Театр және кино актері бұл рөл оның паспортына айналғанын айтып, кинодағы қызығы мен шыжығы қатар жүрген сәттерімен бөлісті. Әсет ЕСЖАН, АКТЕР: Күнімен текст жаттау, күнімен съемка. Көзіміз қызарып, сонда режиссердің айтқаны бар: «Сенің шаршап, көзіңнің қызарғаны образыңа келіп тұр, өйткені Қаныш атамыз мынандай шаруаның бәрін демалып жүріп бітірмеген шығар?!». Сондықтан кейбір осындай қиындықтар образдың сәтті шығуына көмегін тигізген сияқты. Райымбек ЗЕКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көрсетілімнен шығым, тамаша бір әсер алдық. Керемет туынды шығыпты.Үлкен жұмыс жасалғаны көрініп тұр. Үлкен команда болған. Сол жылдардағы бір керемет атмосфераны көрдім өз басым. Тамаша кино Қ. Мерей

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теннистен Қазақстан құрамасы C тобына түсті
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін