Танымал әнші Қуандық Рахым Ақтөбедегі концертінде көзге түскен ауыл баласын тауып, бірге ән шырқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қуандық Рахым Бақытбек есімді кішкентай тыңдарманымен “Аққуым” әнін бірге шырқады.“Жеттік-ау, Қапқарашканы таптық, ағайын. Қуандық Рахымның “Аққуым” атты жеке мектебінің оқушылары. Ақтөбе көп рахмет! Қара балаға тілектеріңізді арнап жіберіңіздер”, – деп жазды әнші. Кішкентай тыңдарманын қуантқан Қуандық Рахым көпшіліктің қошеметіне бөленді. Желі қолданушыларға қара балаға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. “Балам, ата-анаң атыңды бекерге Қуандық қоймаған ғой. Кішкентай балапанды қаншалықты қуантып тастадың, жарайсың”, “Талабына нұр жаусын балақай”, “Қуандық Алла разы болсын! Мына қара баланың мәңгі есінде қалатын болды”, “Нотаны қайдам, бастысы жүрекпен тебіреніп айтты”, “Қуантсаң баланы қуант деген. Өнеріңіз өрлей берсін”, – деп ақжарма тілегін арнады желідегілер.