Әлеуметтік желілерде Қапшағай су қоймасының жағажайларында су деңгейі көтерілгені көрсетілген бейнежазба тарады.Бейнежазбадан жағажай маңындағы жолдарды су алып жатқанын көруге болады. «Су деңгейі тез көтеріліп, өз арнасынан шығып жатыр», – делінген бейнежазба. Аталған жағдайға байланысты Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. - Қонаев қаласында боран соғуына байланысты толқын көтерілген. Жақын маңдағы үйлерді, аулаларды су басқан жоқ. Қазіргі таңда Қапшағай су қоймасынан су жіберу көлемі секундына 900 текше метрді құрайды. Боран басылған соң әкімдік және ТЖБ мамандары су қоймасының жағалауын аралап шығады, – деп хабарлады әкімдіктен. Бұл туралы KAZINFORM жазды.