Қазгидромет 17 тамызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 жылы. Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде 5, күндіз 25-30 градус жылы. Алматы облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 2-7 жылы, күндіз 27-32, облыстың таулы аймақтарында 17-22 градус жылы. Жетісу облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 24-29, облыстың таулы аймақтарында 20 градус жылы. Түркістан облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аймақтарында 12, күндіз 31-36, облыстың таулы аймақтарында 27 градус жылы. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз шығыста, оңтүстікте, облыстың орталық бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 29-34 градус. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-24 градус жылы, күндіз 30-35 градус жылы. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың шығысында 16, күндіз 32-37, облыстың батысында 29 градус жылы. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 28-33, облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қостанай облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 жылы. Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 34-39 градус жылы. Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды деп болжайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аймақтарында 10, күндіз 29-34, облыстың таулы аймақтарында 25 градус жылы.