Қазгидромет синоптиктері 11-13 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдап, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Ел аумағының басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқу бола қоймайды. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендеуі мүмкін.