"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге арналған күн райы болжамын ұсынып, қыс жақындап қалғанын хабарлады. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, 2023 жылғы 24-26 қазанда республиканың барлық аумағында күн райы тұрақсыз болады. "Атмосфералық фронттардың бірнеше жүйесі бар терең және белсенді Солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын ескертеді. Ауа райының тұрақсыз сипаты қатты жел, көктайғақ құбылыстары, жауын-шашын жаңбыр мен қар түріндегі кезең ішінде сақталады". "Қазгдромет" РМКБолжам бойынша, барикалық алқаптардың тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температураның қысқа мерзімді жоғарылауына ықпал етеді, бірақ кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында салқындауға әкеледі. "Мәселен, республиканың батысында түнгі сағаттарда температура 6 аяз -3 жылыға дейін, солтүстік-батыста 0-7 аязға дейін төмендейді, елімідің солтүстігінде 5 аяз -5 жылы болжанды", – делінген хабарламада.