Синоптиктер 2023 жылғы 1 қараша күні Қазақстанда күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. "Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.