«Балдәурен» балабақшасының педагогтары тәрбиеленушілерді суыққа төзімді болсын деген мақсатта қардың үстімен жүгірткен. Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таң қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіруде. «Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді», - деп сендірді әкімшілік.