Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары сасық иіске тұншығып отырғандарын айтады. Ауыл іргесіндегі сарқынды су жиналатын орын бүгінде қызыл көлге айналған. Ол аздай жерге сіңіп, бау-бақша суаратын арыққа құйылып жатыр. Қоршаған ортаға орасан зиян келіп жатыр деген тұрғындар мәселеге билік араласпай отыр деп өкпе айтты.Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қарабұлақ ауылының тұсында мына секілді жасанды сегіз көл бар. Көріп тұрғанымыздай, түсі де бөлек. Қып-қызыл. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге аудан орталығындағы көпқабатты үйлерден бөлек ауруханалар мен мал соятын орындардың қалдықтары да әкеп төгіледі екен. Иісі тіпті сасық. Жел тұрған күні демалу мүмкін емес дейді. Тұрғындардың айтуынша, сарқынды су жиналған бұл орынның қызыл түске боялғанына кемі бес жылдай болыпты. Қарабұлақтықтар бір күні ауру тарамаса болар еді деп қауіптенеді. Олар мәселені жергілікті билік біледі, бірақ нәтиже шығар емес дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бұлақтан қып-қызыл су шығып жатыр. Ауылдың суына, ауыз суға барып қосылып жатыр. Мына жерде қонып тұрған бір құс жоқ. Тірі жан жоқ көлде. Бұл реакцияға кірген химикат па, өте эпидемия тарататын бірдеңе болса керек деп ойлаймын мен. - Бұл жерде защитный зонасы болуы керек. Мына жерде малдар жайылып жүр. Осыны ішеді. Қарабұлақ - елге мал бордақылайтын ауыл ретінде танымал. Бұдан бөлек бау-бақша дақылдарын өсіреді. Әзірге экологтар өздеріне арыз түспегенін алға тартып тұр. Қазыбай ШОРА, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мәселе бойынша толықтай арыз-шағымдар түскен жағдайда біз өз тарапымыздан тексеру жұмыстарын жүргізе аламыз. Және де оның жұмысын сотқа беріп тоқтатуға дейін бара аламыз. Ал ауданның жауапты өкілдері тұрғындар сойылған малдың қанын түнделетіп төгетінін айтады. Полиция айыппұл салғанымен нәтиже жоқ. Баймырза БЕЙСЕНБАЕВ, САЙРАМ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қанды әкеліп төгеді. Ол кәдімгі ыстық қан. Ол жерге төккеннен кейін кәдімгі целлофан клиенка сияқты қаиып қалады жердің астына. Содан жердің астына су сіңбейді. Бүгінгі таңда өздеріңіз көрдіңіздер бес-алты техника погурщик жұмыс істеп жатыр бағанағы бассейндердің қандарын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірақ тұрғындар талап қылғандай кәріз қалдықтары жиналатын орынды басқа жерге көшіру жоспарымыз жоқ деп кесіп айтты. Айта кетейік, бұл маңда сарқынды суды сүзгіден өткізетін орталық салуға 850 млн теңгеге жуық ақша бөлінген. Алайда әзірге аяқсыз қалып тұр.