Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов қала тұрғындарын өзіне ешқандай хабарлама жібермеуді сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Әкімнің сөзіне қарағанда, оның телефонын хакерлер бұзған. Бұл туралы қала басшысы Instagram-да жазды. Телефонымды хакерлер бұзды. Мән бермеңіздер және маған ештеңе жібермеңіздер! – деді ол. Әзірге қала басшысы басқа мәліметтер жазған жоқ.